«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым



бет52/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Шалқар ауданы, «№1 мектеп гимназиясы» КММ
Бақытова Жанель
7-сынып оқушысы


Ұлы Отан Соғысы - Кеңес одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына қарсы қарсы жүргізілген соғыс. Міне, биыл бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына, яғни ерлікпен келген Ұлы Жеңіске - 75 жыл. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Себебі: олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. 
Мен 7 сыныпта оқимын және Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" атты повесть біздің әдебиет пәніндегі бағдарламасына енгізілген. Бұл повестьте сұрапыл Ұлы Отан Соғыс кезіндегі: жау оғынан қаза тапқан, жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар, әкесі мен анасынан бір сәтте айырылған бейкүнә балалар, сәулетті қала мен күл болған селолар, бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысқан жауынгерлер барлығы-барлығы сипатталған.
Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі өте зор деп білемін. Себебі осы соғыста қанша адам ерен ерліктерімен көзге түсті. Мәліметтерге сүйенсек Қазақстаннан 1 млн. 366 мың жауынгер соғысқа қатысқан. Барлық соғысқа қатысқан Қазақстандық ата-апаларымызға алғыс айтамын!
Майқы-бидің айтуы бойынша:
Ұлы жүзге қамшы бер де малға қой,
Орта жүзге қалам бер де дауға қой,
Кіші жүзге найза бер де жауға қой. - дегендей кіші жүз барлығын найзаның ұшымен, білектің күшімен шешетін болған. Кіші жүз Батыс Қазақстанды орныққан. Әрине, бөлінгенді бөрі жейді, бір тудың астында бәрісміз бекем болайық. Дегенменде, көп жауынгер кіші жүзден, Батыс Қазақстаннан шыққан деседі. Соның ішінде Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туылған Қазақтың батыр қыздарының бірі, намысшыл, аршыл, сұр мерген - Әлия Молдағұлова.
Ақтөбе облысы адамзат тарихындағы осы ең ауыр соғыста өте көп адам шығынына ұшырады. Ұлы Отан соғысының майдандарында 39,500 ақтөбеліктер қаза тапты.
Ақтөбе қаласында жағылған Мәңгілік от - соғыста қаза тапқандарға туған халқының өшпес сүйіспеншілігінің символы болып табылады.
Менің әкем де әскери адам. Әкем Ұлы Отан соғысы туралы, батырлар туралы көбірек айтып отырады. Менің үлкен атам да Ұлы Отан соғысына қатысқан екен.
Атам - Дүйісов Кейкі-Мырзағали Дүйісұлы 1913 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №7 ауылда дүниеге келген. 1935 жылы Ақтөбе облысы Шалқар аудандық военкоматынан шақырту алған. Мобилизация бойынша 1941 жылдың маусымынан 1942 жылдың қазан айына дейін 21 атқыштар полкінде атқыш, 1942 жылдың қазанынан 1943 жылдың желтоқсанына дейін 124 атқыштар полкінде атқыш болған. 1943 жылдың желтоқсан айынан 1945 жылдың қазанына дейін ветлазаретте қатардағы жауынгер болған. Ұлы Отан соғысының ардагері.Ауыр жарақат алғандықтан СССР Жоғары Советінің 25 қыркүйек 1945 жылғы бұйрығымен әскер қатарынан босатылып, 1945 жылдың 25 қазанында елге оралған. Марапаттары: "За победу под Германией" медалі, "Жеңістің 30 жылдығы медалі", "Совет Армиясының құрылғанына 60 жыл" медалі, "Отан соғысы" ордені.
 Ал қазір сол соғыс майданына барған атамыздың көңілде жарқырап тұрса да, фотосуреттерінен сарғайып кеткен атамыздан қалған естеліктерді біз болашақ артымызда еріп келе жатқан бауырларымызға таратуымыз керек.
Еркін шарлап жер төсін,
Тік ұстаған еңсесін.
Табанына жат жұрттың
Таптатпапты өлкесін.
Батырларға мың алғыс!
Біз батырларымызды ерекше қадірлейміз олармен мақтанамыз, ерлік пен өрліктің өзінен жаралғандай айбынды келбеттерін үнемі жадымызда сақтаймыз. Иә, табаны күректей 4 жыл бойы ғаламат күш - қайрат көрсеткен сұрапыл шығындарға ұшыраған біздің еліміз фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас - талқан етті. Арада 75 жыл уақыттың өзі соғыс салған зіл батпанның ізін суыта алған жоқ.
Менің айтарым: жылдан жылға қатары сиреп келе жатқан ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлейік, оларды қамқорлыққа бөлеу біздің парызымыз. Аға ұрпақтың қанымен келген, бүгінгі ұрпақтың бақытына сыйлаған Тәуелсіздігіміз баянды болсын.
Ешқашан да енді соғыс болмасын,
Бақытты елдің тыныштығын бұзбасын!
Аспанымыз әрқашан да ашық боп,
Ұлы Отан соғысының батырлары жасасын!
Осылай Бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз үшін, бақытты шағымыз үшін, әр арайлап атқан таңымыз үшін, түндегі тыныш ұйқымыз үшін, еңсемізді тік ұстап жер төсін еркін шарлап жүргеніміз үшін, әрбір шуақты күніміз үшін батырларға, ардагерлерге мың тағзым!
Мен өз елімнің егемен екенімен, осындай елі жері үшін жанын беретін батырларымен мақтанамын және сіздер аманат етіп қалдырып кеткен елімізді, жерімізді, кең байтақ даламызды, тіліміз бен дінімізді сақтауға барынша күш саламын. Мен өз елімді сүйемін жақсы көремін, мақтан тұтамын!
Ешқашан аспанымызды соғыс өрті шалмасын! Ешқашан соғыс болмасын! Мен соғысты жек көремін! Ұлы Жеңіс жасасын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет