«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет55/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Лабахбаева Ақмарал
9 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Таскинбаева Алмагуль
Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы


Батыр-ержүрек, батыл, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр дегеніміз - Отанын, елін жаудан шапқыншылықтан қорғап, жанын пида етуге дайын тұратын адам. Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихында өшпестей із қалдырды. Олар елін жерін қорғау үшін күні-түні жаумен арпалысты. Отан үшін отқа түсті. Отбасын, ата-анасын, асылда аяулы жарын, кішкентай ғана балаларын, туған-туысқандарын тастап елі үшін, жері үшін елінің бейбітшілігі, тәуелсіздігі деп өз жанын пида етугеде дайын болған. Олар біздің мақтанышымыз. Біз қазіргі бейбіт өміріміз үшін осы ержүрек батырларымызға мыңда бір рахмет айтуымыз қажет. Олардың елеулі еңбегі болмаса қазіргі таңда бізде болмас едік. Олар басқалардың жанын сақтап қалу үшін өз жанын қатерге тікті. Тіпті көптеген еліміздің мақтан тұтар азаматтары өлім құшты. Олардың бойынан нағыз қазаққа тән қасиеттерді көре аламыз. Олар шеттерінен жаудан қорқып қашпайтын, сескеніп қорықпайтын, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыспен арды ең бірінші орынға қоятын болған. Ертедегі батырларымыз барлық жырларымызда әйгіленіп, халқымыздың санасында ерлікпен батырлықтың, жүрек жұтқан батылдықтың, намыс пен қайраттың, әділеттілік пен адалдықтың жалауындай желбіреп келеді. Қазақтың сонау есте жоқ ескі замандардағы жалын жүректі батырлары қандай еді, шіркін!
Бес қаруы бойында
Беркініп садақа сынған.
Бірін деп жауды қашырған
Қорамсапқа қол салған.
Қозы жауырын оқ алған.
Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,
Шірей тартып қалады.
Өздері отқа салса жанбайды,
Суға салса батпайды.
Шіркін! Қазақ халқы батырларын қалай қастерлеген десеңші! Оларға арнап жыр күйін аямаған, олардың көзсіз батырлықтарын көрген кезде еріксіз өлең-жырлар туындаған. Сонымен қатар олардың жер танабын қуырған тұлпарлары қандай еді шіркін! Қазақтың қас батырларының мінген тұлпарларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емеc! Айта берсең сөз жетпейді. Тайбурыл, Байшұбар, Тарлан сияқты тұлпарлар мен ағындап келіп жаудың қалың қосынына өрттей тиген кездегі қимыл-әрекеті қандай батырлардың! Дауылдай соғады, оттай лаулайды, теңіздей сапырады, қоғадай жапырады… Қанжар қайысып, қылышы майысып қалады… Біздің бала жүрегімізде қазақтың хас батырлары Қобыланды мен Алпамыстың, Ертарғын мен Қара қасқа атты Қамбарлардың сұрапыл бейнелері осылай тербеуші еді. Осындай батырлық, батылдық сияқты қасиеттер дәстүрі қазаққа табиғи түрде тән, қазақ тарихының басты сипаттарының бірі екендігінде атап айта аламыз. Бұл жырлардың бәрі тарих тереңінен, тарих шындығынан, ғасырлар бойы жаумен жағаласып, азаттық үшін арпалысқан боздақ ерлердің тынымсыз жортуыл-жорықтарынан тамыр тартқан. Батыр–ел қорғаны. Дәйім толарсақтан саз кешіп, тобығынан қан кешіп жел өтінде, жау бетінде жанын шүберекке түйіп жүреді. Әсіресе халқымыздың жер бетінен құрып кету қаупі төнген «Ақтабан шұбырынды, Алқа көлсұлама» нәубетінен кейінгі жоңғар шапқыншылығының соңғы кезеңінде қолбастаған сардар ерлердің, жауды жайпаған ересен батырлардың жаңа тұрпатты жойқын легі қалыптасты. Ежелгі жауға қайтып еңсе көтертпес соққы берілген Абылай дәуірі осынау қайтпас қаһарман батырлардың ерлікпен серілігінің ерен дәуірі болды. Бұл замандағы батырлардың дәрежесі бұрынғыдан да көтерілді, ханның оң қолына айналды, халықтың шынайы құрмет-сүйіспеншілігіне бөленді, қалың қолдың ұраны болып дабылдады, билікке араласып, әрқайсысы өз ру-тайпаларының, соңынан ерген қауым елдің көсемі, қамқоры, басшысы болды. Қазақ жырымен руханиятының әрі-берісіндегі ең соқталы тұлғалар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі қара Тілеуке, Қарақалпақ Құлашбек, Тігеден шыққан Естербек, Шапырашты Наурызбай секілді батырларымыз бірігіп, өңкей батыр жиылып, талай шептерді бұзды. Қазақтың отаршылдарға қарсы күрес тарихында Сырым Датұлы, Исатаймен Махамбет ақын батырлардың орны біртөбе. Ақпатшамен он жыл бойы соғысқан Кенесары хан бастаған көтерілістің шұбыртпалы Ағыбай, Басықара, қыпшақ Иман, Сұраншымен Байсейіт, Бала Баубек, Елубаймен Көбе, Наурызбай, Амалдық пен Арлан, Шамайсынды қайтпас қайсарлары қазақ батырлығының еңбір жан кешті, жүрек жұтқандық сипаттарын, елім деп еңіреген боздақтығын танытады. Олардыңда ерліктері – елгемұра, ұрпаққа ұран болып қалары анық. Олар жалаңқылышпен жауға шапсада көзсіз ерлік көрсетті. Халқымыздың ерлікпен өрлік рухын үстеметті. Намысты қолдан бермеді. Батырларымыз күні түні қанмайдан да қайтпай тартысты, азаттық үшін күрестерде жандарын шүберекке түйіп жүріп шайқасты, жандарын қиды. Намысты қолдан бермеді.
Одан кейінгі кезеңдерде де кеудесін оққа тосқан батырларымызда аз болмады. Оның символы ретінде бас батырымыз Бауыржан Момышұлын ала аламыз. Ол көзі тірісінде-ақаңызға, батырлықтың символына айналған болатын. Бауыржан Момышұлына осы кеңестік кер саясат батыр атағын өзінің соңғы күндеріне дейін қимады. Сонымен қатар қазақстандық жауынгерлер барлық майданда жаумен арпалысып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен. Совет Одағының Батыры атағын алған тұңғыш қазақстандық К.Семенченко, Батыр қыздар Әлия мен Мәншүк, жау жүрек батырлар–Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Нұркен Әбдіров, Л.Беда, С. Луганский, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин және тағы басқада батырлар батырлық пен қайсарлықтың үлгісі. Бірақ, қарап отырсақ оларға жасалған сатқындықтар мен қиянаттарда аз емес. Айта берсе, мұндай жағдайлар жетерлік. Бірақ қазақ халқы өзерлерін, өз батырларын біледі. Қастерлейді, мәңгілік ардақ тұтады. Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігімен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ер жүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері адам баласының күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Олар елінің, жерінің амандығы үшін бас қосып дұшпандардан тайсалмай оларға қарсы тұрды. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау– қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды. Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынанда көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және де қастерлеп-құрметтейміз. Оларға қолұшын беріп, көмектесуге тырысамыз. Болашағымыз жарқын болу үшін әрдайым еңбек етеміз, елдің тыныштығын сақтап қорғаймыз. Бірге боламыз. Қазіргі өсіп келе жатқан жеткіншектердің де ата-баба жолын қуып әрдайым рухы биік, жаны таза, қайратты, ар мен намысты өзінен биік қоятын соқпалдай азамат болып өсетініне мен кәміл сенімдімін. Олар тарихты өздеріне өнеге етіп, болашақта сондай халықтың қалаулы, елінің елеулі азаматтары болары анық. Себебі, ата-бабалары оларға халықты, елді, жерді, дінді, рухты сақтап қалады деп сенді. Олар осы сенімді ақтайды деген сенімдеміз.
• Болатын елдің баласы бірін-бірі батыр дер.
• Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы.
• Ел күйінгенде күйінген батыр.
• Ел сүйінгенде сүйінген батыр
Ерегісте мыңға татыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет