«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет54/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Карғалы ауданы, Жосалы орта мектеп – бала бақшасы
Канапина Назерке Сырлыбайқызы
8 «а» класс оқушысы

Ұлы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Халқымыз ұлттық салт-дәстүрінен, діні мен ділінен айрылып бара жатқан кеңестік заманды бұдан артық қалай айтсын? Осы сөз бүгін де өз күшінде тұр. Жаһандандыру үрдісіне бой алдырып, біз әлі де «бесігімізді түзей» қойған жоқпыз.


Бабасы батыр, елі ержүрек болмаған халықтан батыр шықпайды. Қазіргі заманда көп айтылатын, жалдамалы әскерден, ол қандай ел болса да мейлі, батырлар шығатынына менің күмәнім бар. Батырлық — ата-баба рухынан нәр алған, отанын, жерін шын сүйген, ерік-жігері бостан адамдарға ғана тән болса керек. 
Ал жастарды ұлттық идеологияға тартудың, отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдары көп. Соның бастыларының бірі — бұрын өткен ата-бабаны таныту, батыр-бағландарын, билері мен шешендерін, қол бастаған көсемдерін дәріптеу, оларды еске алып, ескерткіштер орнату, оларға қатысты тарихи орындарды айқындау болмақ. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда осы бағыттағы жұмыстар үрдіске айналып, жер-жерде өрістеді. Себебі, атамекен қадірін арттырудың, елді, Отанды сүюге бастаудың алғы шарттары тап осыдан басталады. «Отан отбасынан басталады» дегендей, туған жерден, ауыл-аймақтан, қауымнан тұтаса келе, босағасы берік, шаңырағы биік ел шығады. Осы аталған қайнар бастаулар мықты болса, еліміздің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды..
Демек, халқымыздың бостандығы, елдің бірлігі мен жеріміздің тұтастығы жолында өмірін сарп еткен бабаларымызға ескерткіш белгі қоюдан қандай да бір астар іздеудің реті жоқ. Бұл қазақты руға бөліп-бөлшектеу емес, көмескі тартқан тарихты қайта түгендеу, атамекеніңді, туған жеріңді сүю, тану, шыққан тегіңді білу, елім деп өткен ерлерді қадірлеу болып табылады.
Аулымыздың батыры Үкібаев Жоңыс Сұлтанұлы-23.02.1961.ж.Ақтөбе облысы (бұрынғы) Ленин ауданы(қазіргі) Қарғалы ауданы Қарабұтақ аулында дүниеге келген. Мектепке бірінші сыныпқа 1968 жылы қабылданады. Мектепте сегіз жылдық (Қызыл плод) негізгі мектебін бітіріп,тоғызыншы, оныншы сыныптарда Петропавл орта мектебін тамандайды. 1978 жылы мектепті бітіріп Алімбет аулына шопырлық коледжге түсіп коледжін аяқтамай 1979 жылы Сәуір айында әскерге қабылданады. Әскерге ауған соғысындағы венгрияға түсіп Плод №191 мата атқыштар бригадасына түседі. 25 желтоқсанда Тәжікістаннан ауғаныстанға кіреді байтал 25 аперациямен Газни қаласында болады. Жоңыс Үкібаевпен бірге Қарабұтақ аулынан ауған соғысына аттанған Аманбай Бисембин, Шаяхмет Утенязов, Біржан Гибадуллин. Жоңыс Үкібаев Александра Матросованын ерлігін қайталап үйіне оралған жоқ...



Дулат Кенжетаевтын айтуынша ауған соғысына қатысқан 19 аудан тұрғындары болған. Жоңыс Үкібаевтын туылған аулы Қара бұтақ ауылын кейбір адамдар кіші Швейдцария деп атаған. Өйткені Қара бұтақ аулының табиғатының әсемдігі өте әдемі тіпті ғажап деугеде болады. Ауылдын иісі таза, қалың орман,тоғайлар көп, тауларыда биік сондықтан адамдар оны кіші швейдцария деп атаған.
Біздің Қарғалы ауданы Бадамша аулында Жоңыс Үкібаев батырымыздың атына орай көше берілді. Жоңыс Үкібаев ағамыз басын қатерге тігіп пулеметты өз денесімен жауып қайтыс болады.

Аулымыздың батыры, ерлік жасаған жас жігіт өз, елі үшін өлімнен таймады. Біз аулымыздың батыры жас бала Жоңысты естен шығармай мақтан тұтамыз. Жоңыс Үкібаев 26.04.1980 ж. Ауғаныстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын өтеу барысында қаза тауып», «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет