Туған жері: Оңтүстік Қазақстан
облысы,
Отырар ауданы
Туған күні, айы, жылы: 30.08.1973 ж.
Білімі: Жоғары.
Категориясы: Жоғары
Еңбек өтілі: 22 жыл
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі.
Жұмыс орны: А.Байтұрсынов атындағы
бастауыш мектебі
Сабақтың тақырыбы: "Сәулелі жүлдыз іздеген адам"
Сабақтың мақсаты: а) жаңа тақырыпты меңгерте отырып,
ақын-жазушы ӘбуСэрсенбаев
агамыздың еңбегін паш етіп, қазақтың біртуар ұлы, ¥лы педагог -
Ыбырай Алтынсарин атамыз туралы мағлұмат беру.
ә) Ы.Алтынсарин атамыздың жүріп өткен жолы мен тәлімі мен
тәрбиесі зор өлең әңгімелерін оқыта отырып, балаларды оқуға
шақыру, жақсыны үйретіп, жаманнан жиренту.
б) шығармашылықпен жұмыс жасап, оқушы ой-өрісін дамыту.
Сабақтың_көрнекілігі'>Сабақтың көрнекілігі: Ә.Сәрсенбаев, Ы.Алтынсарин
портреттері, осы кісілер туралы деректер, сауалнама сұрақтары, түрлі материалдар.
Сабақтың түрі: телекөпір сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс жұмысты қорғау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Ана тілі арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Жарайсыңдар, балалар, келесі тыңдайтын әуендерің сендердегі білім қуатына шабыт, өздеріңе сергектік сыйлайды деп ойлаймын. (күй тыңдалады).
Балалар, сендерге әуен ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақ та сендерге ұнайды деп сенім білдіремін.
«Сөз мәйегі – мақал» демекші мақал-мәтел сайысы арқылы бүгінгі сабағымыздың спикерін тандап алалық. (сайыс өтеді).
Тарих сағатымен бірге ілесе отырып мына сауалнама сұрақтарына жауап беріп, "Туған өлкем - тұнған шежіре" тарауыңдағы өтілген тақырыптарды пысықтап алайык. (тест).
1. М.Жұмабаевтың"Өткен күн" және Бұкар жыраудың батырлар
туралы өлеңдеріндегі ұксастықты тап.
а) Екі өлеңде де Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек батыр
есімдері аталады.
э) Екі өлеңде де табиғат көрінісі суреттелген.
б) Екі өлеңде де ақындар туралы айтылған.
2. "Халқының оны пір тұтқаны соншалық, оны жердегі құдайдай
көретін". Кім туралы айтылған?
а) Назар хан
э) Шыңғыс хан
б) Абылай хан
3. - Мұнан бұрын жолдастыққа мен қандай едім, касыңдағылар қандай
еді? Сен бір төбе, олар бір төбе... деген диалогты әнгімелер кімдердің
арасында болды?
а) Алдаркөсе мен Қожанасыр
э) Бекболат би мен Абылай хан
б) Асаубай мен Құлтума
4. "Мың жылқыны суарған
Төскейден аққан бұлағым" деген өлең жолдары кім жайлы?
а) Қаракерей Қабанбай
э) Бөген бала
б) Жәнібек батыр
5. "Ақша деген кісінің үйінде бір нәресте дүниеге келеді". Үзінді қай
автордың әңгімесінен?
а) Ш.Уәлиханов "Абылай"
з) Қ.Толыбаев "Қаракерей Қабанбай"
б) А.Сатаев "Қанжығалы Бөгенбай"
Балалар, назар салыңдаршы,
тарих уакытының қозғалысымен бірге
"Сәулелі жүлдыз" деген сөз тіркесі пайда болды.
"Сәулелі жүлдыз" деген соз тіркесінің
мән-мағынасын қалай түсінеміз? (балалар өз ойларын айтады).
Тамаша балалар, осы оку-білім саласында сәулелі жүлдызы бар деуге болатын адамдарды атайықшы. (балалар өз ойларын айтады).
• -Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақта Әбу Сәрсенбаев ағамыздың "Сәулелі жүлдыз іздеген адам" атты Ы.Алтынсарин атамыз туралы жазылған әңгімесімен танысамыз. (дептерге күн реті, жаңа сабақ тақырыбы жазылады).
- Балалар бүгінгі қызықты да тамаша әңгіменің авторымен таныс
болайық:
Әбу Сәрсенбасв 1905 жылы Атырау облысының Теңіз ауданында дүниеге келген. Жеті жасында әкеден жетім қалган Әбу ағамыз Атырау толқындарында балыкшы болып, анасы мен бауырларын асырайды. Ұлы Отан соғысына катысып, елімізді фашистерден қорғады. Әбу Сәрсенбаев ағамыздың "Толқында туғандар", "Капитан ұлы", "Балықшы әні", "Туған жер", "Сен құрметте оны" т.б. өлеңдері мен әңгімелері бізге жаксыны үйретіп, жаманнан жирентеді.
Біздің үрдісіміз бойынша Ы.Алтынсарин атамыз туралы деректерді жинау шығармашылық топқа берілген болатын. Кезекті шығармашылық топқа береміз. (тікелей эфир Арқалық қаласынан).
Топ мүшесі: - Саламатсыздар ма? Сіздермен тікелей эфирде шығармашылык топ мүшесі Файзулла Абдулазим:
Ы.Алтынсарин атамыз 1841 жылы туылып, әкесі жас кезінде қайтыс болғандыктан атасы атакты Балкожа би алып, бауырына басады. Ыбырай атамыздың азан шақырып койған аты Ибраһим болган. Ы.Алтынсарин 9 жасында Орынбор каласында 1850 жылы 22 тамыз күні ашылған орыс мектебіне барады. 1857 жылы оқуды "өте жақсы" деген бағамен бітіріп, Орынбор каласында тілмаш қызметін атқарады. 1864 жылы халық ағарту жүмысына өзі сұранып, сол жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында тұңғыш қазақ балаларына арнап мектеп ашты. Бүл мектепке алғаш 14 қазақ баласы оқуға келді. 1889 жылдың 17 маусымында ағартушы. ғалым, ұстаз, ақын, жазушы, аудармашы, қазақтың біртуар ұлы Ыбырай атамыз дүниеден қайтты.
Кезекті әріптесім Байтай Қарақатқа беремін. (тақтадағы суреттермен таныстырады).
Жарайсыңдар балалар, көп мағлұмат жинапсыңдар, мен тек толықтырып жіберейін. (Балқожа атасының хаты оқылады. Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері аталып, кітаптары корсетіледі).
- Олай болса осыншама іс жасаған Ыбырай атамыздың Әбу ағамыздың эңгімесіндегі іздеген сәулелі жұлдызы - білім екен.
• -Балалар, мына тірек сөздерге назар аударайық:
ағылып келеді.
дүниені кезген
жүздерінде үрей
кере-қарыс
құлағы шалып қалды
мәдениет ошағы
оқудың беташары
а) магынасын ашамыз;
ә) жатқа айту;
Алма көрсету арқылы балалардың жаңа мәтінге деген қызығушылығын арттырамын.
1-тапсырма. (кітаппен жұмыс) 1-топ. 75-бет, 2-топ. 76-бет. (түсінік айтылады).
2-тапсырма. 1-топ. "Ыбырай ата" (бес жолдық олең, Син Ку Эн әдісі)
2-топ. "Кім болам?" (эссе жазу)
• 3-тапсырма, - Ғафу Қайырбеков ағамыз Ыбырай атамызды "Даланың
алып қоңырауы» деген болатын.
1-топ. Осы пікірді дәлелдейді.
2-топ. Осы пікірді толықтырады.
• - Оқу-ілім саласында қоскан үлестері зор қандай ақын, жазушы,
ағартушыларды білеміз? (балалар өз ойларын айтады).
- Олай болса, кез-келген жазушының өлеңін оқу аркылы достарымызды окуға шакыралык. (балалар білген өлеңдерін оқиды).
• "Үш қадам сұқбат" әдісі аркылы сабақ корытындыланады.
Тілші сұрақтары:
Әңгіме кім жайлы?
Әңгіме неліктен "Сәулелі жұлдыз іздеген адам" деп аталған?
Әңгімеге тағы кандай тақырып қоюға болады?
Ыбырай атамыздың кандай өлең--әңгімелерін білесіңдер?
Спикерге сөз беріледі, балалар бағаланады.
Үйге тапсырма: а) жана тақырыпты окып, түсінік айту
ә) Ш.Уәлиханов туралы мағлұмат жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |