«Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» атты жобаның мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға арналған бағдарлама
Құрастырған: 1 санатты тәрбиеші
Тулкина Г.Е.
2015 жыл
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға арналған «Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» атты бағдарламасы
Түсінік хат
Дойбы ойынының біздің елімізде әйгілі, әрі ойын шарттарының оңай және кең қолданысқа ие болуына байланысты бұл бағдарламаны дайындау және білім үрдісіне енгізу қажеттілігі туындады. Бала-бақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары балаларының дойбы ойынын ойнауға үйретуде қызығушылықтарының болғанымен, алайда ойынға деген бос уақыттары табыла бермейді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дойбы ойынын үйретуге арналған оқулықтар саны аз. Педагогтар мен ата-аналардың балаларды дойбы ойынына үйретуде бірдей қателіктер кетіреді. Бірінші ойыннан-ақ дойбы тастарын дұрыс қоюды және жүрістерді көрсетеді. Қорытындысында, балалар ойынның бастапқы шарттар: жүрістерін және би (төрге шыққан дойбы тасы), бір немесе бірнеше дойбы тастарының қақтығысын меңгереді, бірақ жүрістерді алдын-ала жоспарлауды дұрыс бағыттауды, ойындағы жүрістерді қиыстыруды санауды білмейді. Облыс, қала білім ордаларында дойбы ойынымен айналысу бір реттік сипатқа (топтық жарыс, бала-бақшалардағы жарыстар) ие. Сондықтан дойбы ойынын ойнаудағы шеберлік бастамаларын жоспармен және рет-ретімен жүргізу мақсатында оқыту кезеңін белгілеу үшін арнайы бағдарлама қажеттігі туындады.
«Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» атты бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің ойынға деген ынталарын арттыру негізінде, оқытудағы ойынның әдістемесін қолдануды жоспарлайды. Біріншіден, оқытуға балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ертегі кейіпкерлері қатысады. Екіншіден, дойбы тақтасымен танысу үшін бірнеше рет оқыту (көрсету, қарастыру, тақтаны бояу, тақтайшаның төрт бұрышты сызықтардан құрастыру, дойбы тақтасының тік және көлденең шеттерін белгілеу) ұйымдастырылады. Үшіншіден, оқыту дойбының 1 тасын қолдану арқылы басталып, шешімі қажет сұрақтарға жауап іздеуге (биге шығу жолдары және қарсыластың тасымен кездесудің жолары қандай?) бағытталады. Бірте-бірте 1-2 тастан қосыла түрлі тапсырмалар беріледі. Ойын ережесінің дұрыс сақталуы мақсатында диаграммалармен танысу өткізіледі. Осылайша, балалардың танымдық белсенділігін, бейнелі және талдамалы ойлауды, қиялдауды, ой-өрісін арттырады. Ойын барысында бала өзіне қарсыласты таңдай отырып, ойын мәдениетін меңгеруге, іскерліктің танымдық және жеке тұлғалық қарым-қатынасын қолданады. Үлкендер мен жасөспірімдер ойындағы қоршаған ортаны тани отыра, қажет жағдайда балалық сезімдерін және адами қасиеттерін (өзін-өзі ұстай білу, ойын барысында қажет жүрісті ұймдастыру) бағытталады. Бала ойн арқылы ережелердің күнделікті өмірде сақталуы қажеттігін ұғынады. Сонымен қатар, ойын барысында балалар ұжымының ұйымдасуы және отбасы мүшелерінің эмоционалды өзара қарым-қатынасы, яғни бала-шамалас (жасты бала)- ат-ана – тәрбиеші.
Бұл бағдарламаның ең басты ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі балаларды дойбы ойынын үйренуге бағыттау. Бағдарлама балалардың мәдениеттілігін қалыптастыруға және ойынға деген қызығушылықтарын зияткерлік тұрғыдан арттыруға, интерактивті қасиеттерін дамытуға, қоғам алдындағы жетістікті қамтамасыз етуге, оқу іс-әрекетінің алғышарттарын негіздеуге, бала-бақша түлегінің мемлекеттік талаптарға сай денсаулығын сақтауға сілтеме жасайды. Осы бағдарламаның тақырыптық жоспары мен мазмұндық байланысының болуы тәрбиешіге оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға (білуге деген ынтасын жетілдіріп, жеке қызығушылықтары мен икемділігін тануға, қоршаған ортаға бейімдеуге) көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |