2. Балаларға арналған дойбы
Көптеген ата-аналар балаларының ойлау қабілеттері дамуына пайдалы нәрселерді біле бермейді. Балаларға тән ойын түрі бұл – дойбы.
Балаларға арналған дойбы – баланың есте сақтау логикалық ойлау қабілетін дамытады. Осымен қатар бала бойына сезімталдық, алғырлық, шешім қабылдай алатын сияқты қасиеттерді бойларына сіңіреміз. Келесі сұрақ туындайды: балаға қалай дойбы ойынын ойнатамыз. Бір қарағанда қиындық туғызбайтын сияқты ойын ережесі оңай болғандықтан оны кішкентай балаға дейін ұғынуы мүмкін. Іс-тәжірибеде үйрету аз уақытты талап етеді. Дойбы ойынының пайдасы болу үшін, дойбы үйірмесіне қатысу керек. Оған баланың өзінің сұранысы, үйірмеге деген құлшынысы, сүйіспеншілігі болуы керек. Ең басты мақсат – балаға дойбы ойынын қалай қызықты етіп үйрету. Бұл сұраққа бірден жауап бере алмайды. Дойбы ойының кішкентай балалармен ойнаған кезде әрбіреуіне жеке тұлға ретінде көңіл бөліп, үлкен тәжірибе арқасында үйрету керек. Ең басты сәт – баланы дойбыға қызықтырғанда өзін бірге қызығушылық таныту керек. Балаға қалай ойын кезіндегі қызықты айтып қана қоймай, бірге сезіну керек. Осындай кезде бір нәтижеге жетуге болады.
1. Дойбыға туралы әдебиет, сайттарды оқындар.
- дойбы туралы жаңалықтар;
- өздігінен жүрістерді үйрену;
- шешім қабылдай алып, жай жүріс түрлерін түсіндіру;
- дойбы ойынындағы қызық жүрістерге үйрету.
2. Дойбыны адаммен немесе компьютер арқылы ойнау керек.
3. Балаға дойбы ойыны туралы қызықты ертегі кейіпкерлерін қосып әңгіме айту керек.
4. Балаға дойбы ойынындағы жүрістердің үзінді жерлерін әрекетпен көрсету.
5. Баланы мадақтап отыру керек.
6. Баланың жетістігін айтып отыру керек
7. Баланы қинап ойнатпай қызықтыра үйрету.
8. Асықпаңыз. Бастысы жүріс үйрену қызықты және баланы талпынысқа жетелейтін сезім тудыруы керек.
Осы әдіс-тәсілдер арқылы баланы дойбы ойынына деген қызығушылығын артады деген сенімдеміз. Егер де балаға ойынды қызықтыра жеткізсеңіз онда ол ойынға деген ынтасы артады.
7 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |