Тура жәнеесептер кері геодезиялық есептер. Жер бетінің ситуациясын түсіру



Дата15.02.2022
өлшемі103,5 Kb.
#131901
Байланысты:
Лекция 5 Ситуац тура кері есеп


Дәріс 5


Тура жәнеесептер кері геодезиялық есептер.
Жер бетінің ситуациясын түсіру

Геодезиялық жұмыстарда пункттер координаталары, олардың ара қашықтықтары мен дирекциондық бұрыштары арқылы тікелей тура немесе кері есептерді шешу арқылы анықталады.


Тура геодезиялық есеп. Егер координаталары белгілі А пунктінен екінші В пунктіне дейінгі d арақашықтық және α дирекциондық бұрыш белгілі болса, онда В пунктінің координаталарын табуға болады. Координаталардың бір пунктке осылайша берілуін тура геодезиялық есеп деп атайды (сурет 5.1).
Х, У координаталарын былай анықтауға болады:



(5.1)

Сурет 5.1 – Тура және кері геодезиялық есептер

Екі нүктенің координаталарының айырмасы Δx, Δy координаталар өсімшесі деп аталады. Ол былай анықталады:




(5.2)

Координаталар өсімшесінің таңбалары румбтардың ширегіне байланысты болады.


Кесте 3 - Координаталар өсімшелерінің таңбалары



Координаталар

Румбтар (r)

өсімшелері

СШ

ОШ

ОБ

СБ

Δх

+

-

-

+

Δу

+

+

-

-

Координаталар өсімшелерін Δх және Δу шамаларын тригонометриялық кестенің көмегімен, микрокалькулятормен есептеп шығарады.


Кері геодезиялық есеп. Координаталары белгілі екі пункттің дирекциондық бұрышы α мен арақашықтығын d анықтау керек. Осы есепті кері геодезиялық есеп деп атайды.


немесе (5.3)

Румбтың мәнін тригонометриялық функциялардың шамаларының кестесінен немесе микрокалькулятормен есептеп анықтауға болады.


Арақашықтық шамасын келесі формуламен анықтайды:


немесе (5.4)

Жер бетінде орналасқан заттарды планға түсіру үшін әртүрлі өлшеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері дала журналының арнаулы беттеріне жазылады және түсірілетін объектілеріне абрис деп аталатын схемалық жобасы сызылады.


Түсірудің тәсілдері (сурет 5.2):
1) Тік бұрышты перпендикулярлар тәсілі. Бұл әдіспен дұрыс геометриялық пішіндері бар объектілер (мысалы, ғимараттар) және контуры қисық сызықты созылған объектілер (мысалы, өзен, жол, шекаралар және т.б.) түсіріледі. Ғимаратты түсіру үшін, оның бұрышынан теодолит жүрісінің қабырғасына перпендикулялар түсіріледі. Егер теодолит қабырғасы Х осі болса, онда оған перпендикуляр түсірген сызық У осі болып, теодолит жүрісіндегі нүктеге дейін У өлшейміз. Ал теодолит жүрісінің төбесінен нүктеге дейінгі Х-ті өлшейміз. Өзеннің контурын салу үшін, контурдың өзгерген жерінен теодолит жүрісінің қабырғасына дейін перпендикуляр түсіреміз. Х пен У-ті өлшеу әдісі жоғарыдағыдай орындалады.
Сызықты перпендикуляр қою үшін аз қашықтық болса көзбен, ал үлкен қашықтық болса, онда экер аспабы қолданылады.
2) Полярлық координаталар тәсіл. Бұл әдісті ашық жерлерде көп нүктеден тұратын контурды және рельефтің өзгеріс нүктелерін түсіргенде қолданады. Полярлық әдіспен ситуацияны түсіргенде полярлық координаталар жүйесін қолданады. Ол жүйе алғашқы бағыттан саналатын горизонталь бұрыштардан және полюстен түсіретін нүктеге дейінгі арақашықтықтардан тұрады. Қашықтық жіптік қашықтық өлшеуішпен анықталады. Егер түсіру масштабы 1: 5 000 болса, қашықтық шамасы 150 м, 1: 2 000 – 100 м, 1: 1 000 – 60 м-ге дейін болады. Бұрыштар бір жарты айналыммен өлшенеді.

  1. Бұрыштарды қиылыстыру тәсілі. Бұл әдісті жүруге қолайсыз жерлерді түсіргенде қолданады. Мысалы, өзеннің қарама-қарсы жағын түсіргенде қолданады. Мұндай жағдайда, нүктелерде теодолитпен бір жарты айналыммен бұрыштары өлшенеді. Бұрыштық қиылысуда түсірілетін нүктелер шамасы 200-300-тан көп және 1500-тан аз бұрыштармен қиылысу керек.

  2. Сызықтық қиылыстыру тәсілі. Бұл әдіс ғимараттарды түсіргенде қолданылады. Үйдің бұрышын лента мен рулетканы қолданып түсіреді.

  3. Створ тәсілі. Бұл әдіс түсірілетін нүктелердің теодолит жүрісінің сызығымен бір створда орналасқан кезде, не теодолит жүрісінің нүктесіне створ сызығын әкелу арқылы орындалады.

  4. Айналып түсіру әдісі. Бұл әдісті пландық негіздермен түсіретін контурдың нүктелері көрінбеген жағдайда қолданады. Түсірудің мәні – көрінбейтін контурдың сыртынан айналып теодолит жүрісін жасайды. Содан кейін перпендикуляр әдісін қолданып, контурларды түсіреді.

Ситуацияны түсіру теодолит жүрісінің әр қабырғасына бөлек абрис жасалынады. Абрис қарындашпен мұқият және айқын түрде салынады. Әр сызбада бұрыштық және сызықтық өлшеулердің шамалары жазылады




Сурет 5.2 - Ситуацияны түсіру тәсілдері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет