Бет: 5-нің -сі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ ректоры
______________ А.С.Иманғалиев
03.09.2011 ж.
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Орал, 2011
Ақпараттық деректер:
Дайындаған: 01.09.2011 Ғ.Қ.Жүсіпқалиева
алғаш рет енгізілді
Енгізілген күні: 09.09.2011
Қайта қарау күні: 09.09.2014
Өзгертулер:
№
|
Енгізілген күні
|
Дайындаушының аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Мазмұны:
Мақсаты
Қолданылу саласы
Терминдер, анықтамалар және қысқартулар Жауапкершілігі және өкілеттілігі
Сипатталуы
Жазбалар
Дәйектемелер
1 Мақсаты
Ақпараттық және білім беру технологиялар орталығы туралы осы Ереже оның ұйымдық құрылымын, мақсаттарын, қызметтік міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіту мақсатында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша-БҚМУ) бөлімі туралы Ережеге және мамандардың қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес дайындалды.
2 Қолданылу саласы
2.1 Осы ереже БҚМУ ақпараттық және білім беру технологиялар орталығының директоры мен қызметкерлері үшін жарамды.
3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы ережеде қолданылған термин және анықтамалар СТ РК ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздікке стандарттарына сәйкес келеді.
3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулықтары мен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару. СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.
4. Жауапкершілік және өкілеттілік
4.1 Ақпараттық және білім беру технологиялар орталығы мына жұмыстардың уақытылы орындауына жауап береді:
4.1.1 электрондық оқу шығаруларды дайындау;
4.1.2 білім беру үрдісінде Web-технологияларды қамтамасыз ету;
4.1.3 білім беру үрдісін IT-қолдау;
4.1.4 университетің компьютерлік паркіне қызмет көрсету;
4.1.5 университеттің мамандықтары бойынша бейнефильмдерді (дәрістер, лабораториялық-практикалық сабақтар) түсіру және өңдеуге;
графикалық жұмыстар дайындауды жүзеге асыруға;
4.1.7 университет өміріндегі негізгі оқиғалардың (салтанатты кештер мен мейрамдар, ғылыми конференциялар, ірі іскерлік кездесулер, жоо-ға түсу, түлектерге диплом табыстау салтанаты) сурет мұрағатын жүргізуге;
4.1.8 оқытылатын пәннің теориясы мен әдістемесінің жаңа жетістіктеріне сәйкес БҚМУ-дағы кредиттік оқыту технологиясын әдістемемен қамтамасыз ету;
4.1.9 оқытудың әдістері мен инновациялық формаларын енгізу бойынша ПОҚ-на және университеттің бөлімшелеріне әдістемелік көмек (семинарлар, тренингтер, мастер-класс) көрсетуді ұйымдастыру;
4.1.10 әдістемелік бейне материалдардың қорын қалыптастыру (бейне-дәріс, мастер-класс, ашық сабақтар, презентация);
4.2 Ақпараттық және білім беру технология орталығының өкілеттілігі орталық директорына жүктелген міндеттерге және БҚМУ туралы Ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5 Сипатталуы
5.1 Ақпараттық және білім беру технология орталығы БҚМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей бірінші проректорға бағынады.
5.2 Ақпараттық және білім беру технология орталығы өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамасын, ҚР білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарын, СМЖ әдістемелік нұсқауларын және БҚМУ туралы Ережені, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
5.3 Ақпараттық және білім беру технологиялар орталығына БҚМУ ректоры қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор басқарады.
5.4 Орталық директоры болмаған кезінде оның міндетін директор орынбасары атқарады.
5.5 Ақпараттық және білім беру орталығының қызметкерлерін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.
5.7. Ақпараттық және білім беру технология орталығының және қызметкерлерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері БҚМУ ректоры бекіткен қызметтік нұсқауларымен реттеледі.
6 Жазбалар
-
7 Дәйектемелер
7.1 Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы;
7.2 Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы;
7.3 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы бекіткен Қазақстан Республикасының инновациясын дамыту бағдарламасы;
7.4 БҚМУ туралы ереже;
Келісілді
Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі
____________ А.С.Тасмағамбетов
02.09.2011 ж
Достарыңызбен бөлісу: |