Тургунов Уразбай Куримбаевич


Проценттерге тақырыптық тесттер



бет5/19
Дата08.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#122632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Сандар теориясы кітап (4)

2.1. Проценттерге тақырыптық тесттер
1. Кәсіпорын өз өнімдерінің төрттен үшін экспортқа жібереді, ал осы өнімнің бөлігін өз жұмысшыларына таратып береді. Кәсіпорынның қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?
А) 10% В) 20%С)5% Д) 25% Е)15%
2. Тауардың бағасы 1-ші айда 18%-ға көбейді, ал 2-ші айда 18%-ға азайды. Тауардың бағасы қанша процентке өзгерді?
А) 3,24% азаядыВ) 2,56% көбейеді С)өзгермейді Д) 3,24% көбейеді Е)2,56% азаяды.
3. Автобуста жүру бағасы - 80 тг, оқушыларға 30% жеңілдікпен беріледі. Анасы өзіне және үш оқушы баласына қанша теңге төлейді?
А) 252т В)152т С) 248т Д) 152т Е)242 т

4. Дүкенде жаппай сатылымға дейін костюм 10200 тг болды, алдымен костюм 25%-ке, содан кейін тағы да 10%-ке арзандады. Костюм бағасы неше теңге болды?


А) 8400тг В)7803тг С)9340тг Д) 6885тг Е)7520тг
5. Заттың ескі бағасы жаңа бағасының 80%-ы. Заттың жаңа бағасының ескі бағасына қатынасын табыңыз.
А) 0,9 В)1,8 С) 1,4 Д)0,8 Е)1,25
6. Жазда куртка бағасы 8000тг, ал қыста 10000 тг. Куртканың қыстағы бағасы жаздағы бағасынан неше процентке қымбаттаған?
А) 25%В) 20% С)40% Д) 18% Е)28%
7. 30%-і 60 санының 90%-н құрайтын санды табыңыз.
А) 162 В) 180 С)18 Д) 16,2 Е)54
8. Квадрат қабырғасы неше процентке кеміткенде оның ауданы 36%-ке кемиді?
А) 36% В) 20% С)25% Д) 8% Е)6%
9. Марат екі жылға 300 мың теңге несие алды. Банктің бір жылдық сыйақы пайызы 16% болса, айлық төлемін табыңыз.
А) 15600тг В)16000тг С)17400тг Д) 16500тгЕ)18000тг
10. Дүкенде телефон бағасы 25000 тг болды. Телефон дүкенде алдымен 10%-ке, содан кейін тағы да 25%-ке қымбаттады. Телефон бағасы неше теңге болды?
А) 36400тг В)35000тг С)35200тг Д)34375тгЕ)42480тг
11. Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
А) 1 мин 12 сек В) 1 мин 48 сек С)1 мин 24 сек Д)48 сек
Е) 1 мин 36 сек
12. Егер сағат тілі әр күн сайын 3 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
А) 100 В)240 С)120 Д)60 Е)360
13. Сыныпта 34 оқушы бар. Сыныптағы ұлдардың саны қыздар санының 70 пайызына тең болса, онда ұлдар нешеу?
A) 21 B) 14 C) 15 D) 12 E) 16
14. Тоғыз папка мен үш альбомның құны алты папка мен бес альбомның құнындай.Бір папканың бағасы бір альбом бағасының неше процентін құрайды?
A) 67% B) 75% C) 120 % D) 150%E) 200%
15. Бір сынып оқушылары тест жазды. Егер әрбір ұл балалар тестті 3 ұпайға жақсырақ жазса, сыныптың орташа көрсеткіші 1,2 ұпайға жақсарады. Қыз балалар сыныптың қанша пайызын құрайды?
A)50% B) 55% C) 60%D)65% E) 70%
16. Кәсіпкер түскен пайдасының бестен үшін қарызына төледі, жиырмадан үш бөлігін жаратты. Сонда қолында пайданың неше пайызы қалды?
А) 30% В) 25%С) 20% D) 15% Е) 12,5%
17. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 20%- ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ B) 15 сағ C) 18 сағ D) 20 сағE) 21 сағ
18. Құлпынайдың 6 %-ы қант. 35 кг құлпынайда неше кг қант бар?
A) 1,5 кг B) 1,8 кгC) 2,1 кг D) 2,4 кг E) 3кг
19. Теңіз суының 95 %-ы ғана су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар?
A) 150 кг B) 180 кг C) 210 кг D) 240 кг E) 300кг
20. Турист барлық жолдың 90%–ы болатын 27 км жол жүрді. Барлық жолдың ұзындығы неге тең?
A) 15 км B) 15 км C) 24 км D) 30 км E)36 км


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет