«өзінің» бөлімшелерінің мақсаттарын және талаптарын жүзеге асырудағы шамадан тыс қызығушылық;
түрлі функционалды қызметер арасында әрдайым өзара байланыста болудағы қиыншылшықтар;
шамадан тыс орталықтандыру тенденциясының пайда болуы;
шешімдерді қабылдау процедураларының ұзақтығы;
өзгерістерге баяу көңіл бөлетін қатып қалған ұйымдастырушылық форма.
Қонақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.
Мұндай басқару құрылымында биліктің барлығын анықталған бір ұжымды басқаратын сызықтық жетекші жүргізеді. Шешімдерді, бағдарламаларды, жоспарларды дайындауда және нақты сұрақтарды өңдеуде оған функционалды бөлімшелерден (басқармалардан, бөлімдерден, бюро және т.б.) тұратын арнайы аппарат көмектеседі.
Бұл жағдайда бөлімшелердің функционалды құрылымдары бас сызықтық жетекшінің қол астында. Өз шешімдерін функционалды бөлімшелердің жетекшілері бас жетекші арқылы немесе тікелей атқарушы-қызметінің сәйкес жетекшілері арқылы жүзеге асырады.
Сонымен, сызықтық-функционалды құрылым өзіне сызықтық жетекшілері бар арнайы бөлімшелерді қосады.
Сызықтық-функционалды құрылымның артықшылықтары:
жұмысшылардың мамандануымен байланысты шешімдер мен жоспарлардың жақсы дайындығы;
бас сызықтық менеджердің мәселелерді жете талдауынан босатылуы;
кеңесшілер мен эксперттерді тарту мүмкіндігі.
Сызықтық-функционалды құрылымның кемшіліктері:
өндірістік бөлімдер арасында горизантальді деңгейдегі өзара байланыстың және өзара бірігіп жұмыс істеудің болмауы;
анық жауапкершіліктің болмауы, өйткені шешімді дайындаушы оның жүзеге асырылуына қатыспайды;
вертикаль бойынша шамадан тыс дамыған байланыстар жүйесі, яғни шамадан тыс орталықтандыруға деген тенденция.