60. Жетісу өлкесіндегі мемлекеттік ұлттық табиғи парктер.
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады.Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман ш-тарының негізінде құрылған. Орт. – Таусамалы а. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |