65. Қара ағаш мұражайы- Жаңақоғам ауылында 1991 жылы құрылған.
66. Байтұрсыновтың мұражай-үйіқоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 жылы Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған.Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығарм-на байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған.