«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет9/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

Ескелді ауданы – Алматы облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 50,5 мың адам. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. аулы өңірінде «Жетісу аяқты балығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан. Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы.

24. «Жаркент мешіті» көркем-мемориалды музейі
Алматы облысының Панфилов ауданына қарай жалғасты. Аудан – жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі тарихи деректерге толы өңір. Жаркент мешіті — 1887 — 1892 жылы Жаркент қаласында салынған ескерткіш. Сәулетшісі Хон-Пик. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев.Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру-порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар. ХІХ ғасырдың аяғында салынған мешітке 130 жыл, яғни 1,5 ғасырға жуық сақталып тұр. 
25. Кербұлақ ауданы – Алматы облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. удан 1973 жылы ұйымдастырылған. 1997 жылға дейін Талдықорған облысы аумағында болып келген. Бұрынғы Гвардия және Кербұлақ аудандары негізінде 1997 жылы қайта құрылып, қазіргі атымен аталады. Ауданның биік таулы бөлігі Қоянтау, Алтынемел, Тоқсанбай жоталарынан тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Шолақтау, Сарышыбын, Дегерес, Қотырқайың, Матай, оңтүстік-батысы мен батысында аласа келген Малайсары жотасы орналасқан. Ауданның ең биік жері Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі саналатын Тоқсанбай жотасында (4062 м). Қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-батысы жазық (Іле ойысы) келген. Батысында Мойынқұм құмы жатыр. Алтынемел жотасының солтүстік баурайында, еліміздің көрнекті ғалымы, саяхатшы Ш.Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдары өткен Шанханай ауылы жанындағы Көшентоған қонысында ғалымға орнатылған ескерткіш-бейіт және мұражай орналасқан. Аудан жерімен Алматы – Семей автомобиль жолы және Түрксіб темір жолы өтеді.
Әнші құм, Айғай құм - Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. Географиялық орны Алматы облысы Кербұлақ ауданы жерінде. азақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Ән салып тұратын мұндай әуезді құмтөбе дүниежүзінің алты елінде ғана бар көрінеді. Тастақ далалы жерде құмды таулардың болуы таңқаларлық әрі құпиялы құбылыс болып отыр.

Мемлекет қамқорлығына алынған мұндай тамаша табиғат ескерткішін көру үшін, әлемнің түкпір-түкпірінен саяхаттаушылар ағылып келіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет