«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет12/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

30 . Талғар ауданы – Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 3,8 мың км². Халқы 157 мың адам (2010). Аудандағы 58 елді мекен 11 ауылдық округке және 1 қалалық әкімдігіне біріктірілген. Орталығы – Талғар қаласы Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайы. Туризм обьектілері: Алматы ұлттық қорығы, Талғар шыңы (5017м), Нұрсұлтан шыңы (4376м), Молодежный шыңы (4147м), Амангелді шыңы (3970м)
Мәдениеті және туризм
Табаған спорт және демалыс жүйесі
Ақбұлақ кешені - Қазақстан ұлттық бокс, футбол жастар құрамасы, алматылық Алматы хоккей клубы, биатлоншылар жаттығатын, жарысатын кешен осы Талғар ауданында орналасқан.
«Табаған» кешені — тау шаңғылауына арналған Бесқайнар кентіне жақын (бұрынғы Горный Садовод) Шыбынсай (Іле Алатауы) шатқалында салынған курорт, спорт және ойын-сауық кешен.
Кешен 2005 ж. салынған. Осындай ірі көлемді жобаның іске асырылуы қазақстандық туризм нарығының, сондай-ақ қыстық спорт түрлерінің тарихында жаңа кезең болды.

«Табаған» кешені осындай дәрежелі тау шаңғыларына арналған курорттарға қойылатын қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес салынды. Кешен Австриядан, Голландиядан және Ресейден әкелінген техникамен жабдықталған. Аспалы жолды құрастыруды және карточкалық кіру жүйесін енгізуді ресей мамандары жүзеге асырды, қалған жұмыстарды жергілікті компаниялар жасады.


Талғар шыңы - (ағылш. Pik Talgar), (орыс. пик Талгар ) — Қазақстанда, Алматы облысында орналасқан. Орташа биіктігі — 4973 метр. Максималды биіктігі — 5017 метрге жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет