«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Қаратал ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі



бет14/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

34. Қаратал ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі

Қаратал ауданы – Алматы облысының солт-ндегі аумақтық-әкімш. бөлік. Жер аумағы 24,2 мың км² (облыстың 10,8%-ын құрайды). Тұрғын саны 44,5 мың адам (2003). Аудан аум-дағы 46 елді мекен 1 қалалық және 9 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Орт. – Үштөбе қ. Аудан 1928 ж. Қаратал ауданы - облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 24,2 мың км² (облыстың 10,8%-ын құрайды.). Тұрғын халқының саны 45,3 орналасқан. Бұл тұсында Сарыесік-атырау шөлінің шығысын ала Лекқұм (Л үкқұм), Жаманжал, Жаманқұм, Бестас, іріжар, Сүртке құмдары жайласа, Кербұлақ ауданымен шектесер оңтүстік батысында Аралқұм құмы жатыр. Ауданның шығысында аласа келген Үшқара т. орналасқан. Ауданның орталық бөлігімен Жетісудың жеті өзенінің бірі Қаратал ағып өтеді. Оған Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарлы шындарынан бастау алатын Тентек, Көксу өзендері құйылады. Солтүстік бөлігінде Қаратал өзені Балқаш (Көкшетеңіз) көліне құяды. Балқаштан басқа аудан аумағында үлкенді-кішілі Үшкөл, Қаңбақты, Шораяқкөл, Қаңғай, Сарыкөл, т.б. көлдер бар. Аудан аумағыңда түз бен натрий сульфаты, құрылысқа қажетті 398 материалдар (Қайрақты тауында), кварц (Ақтаспалы кені), т.б. кен орындары бар. Ауданның ең биік жері оңтүстік-шығысында орналасқан Бурақой т. (985 м). Одан басқа аудан жерінде Бақалы, Бастөбе, Ақтасты, Қайрақты, Ақынбай шоқылары бар.


Ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың ірілері — "Қаратал" акционерлік қоғамы. "Тастөбе-Бірлік", "Бекагро", балық аулаумен айналысатын "Көпбірлік", пияз өсірумен шұғылданатын "Ақиқат", күріш өсіретін "Үштөбе", "Правда" серіктестіктері ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, "Тәжірибе" ауыл шаруашылығы ӨК, "Үштөбе тәжірибе-механикалық зауыты", "ДостарҚаратал" акц. қоғамдары (қоспажем өңдірісі), "Қаратал" баспаханасы. Қаратал ауданы телекоммуникация бөлімшесі (байланыстың қазіргі заманғы үлгілері-интернет, серіктік байланыс жүйесі көптеп енгізілуде).

Ауылдың аудан экономикасындағы үлес салмағы 13%, өнеркәсіптікі — 16%, қалғанын көсіпкерлік саласы мен шағын және орта бизнес құрайды. Ауданда 125 төсектік орталық аурухана, емхана, округ орталықтарында ауылдық дәрігерлік амбулаториялар (5) мен фельдшер-акушерлік пунктер (17) елге қызмет көрсетеді. Білім беру мекемелерінен 20 орта мектеп, 2 мектеп-гимназия, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, кәсіптік-техникалық және әскери-техникалық мектептер жұмыс істейді. Бұлардан басқа Үштөбе балалар үйі мен балабақша бар. Ауданда орталық және 2 ведомстволық кітапхана, аудандық мәдениет үйі, ведомстволық 5 мәдениет үйі мен 6 клуб жұмыс істейді. Оларда үш халықтық көркемөнерпаздар ұжымы: "Қаратал әуендері" ұлт аспаптар оркестрі, "Қызғалдақтар" вокалды ансамблі, корейдің "Самульнорн" ансамблі өнер көрсетеді. Қаратал ауылының автомобиль жолының Ұзындығы 326 км, оның 236 км асфальттанған. Аудан жерімен Үштөбе - Талдықорған-Алматы, ҮштөбеХонсу, Үштөбе-Көпбірлік автотрассалары өтеді.


Түрксіб темір жолы. (Үштөбе стансасы арқылы) Орталық Азия елдерімен, Ресейдің қ-мен, сонымен қатар Қытайменбайланыстырады. Үштөбе қаласы облыс орталығы — Талдықорған қаласына 47 км қашықтықта. Ауданнан Қазақстанның халық артисі Қ.Байсейітов, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Б.Римова, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері М.Бестібаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі К. Тоқаев, және т.б. елге танымал тұлғалар шыққан. 
Қаратал ауданы аумағында республика маңыздағы Ескелді би (1992, Қызылжар ауылы), Балпық би (1994, Оян ауылы), Жолбарыс әулие (1996, Кәлпе темір жолы.ст.), Айту би (1996, Оян ауылы), Мықтыбек батыр (1995, Ақжар ауылы), сонымен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш аудан орталығы — Үштөбе қаласында орналасқан (1999). Қаратал өзенінің Балқашқа құяр тұсына таяу "Қарақойын" төбесіне ел ардақтылары Жөлмеңде, Пышан, Арқабай, Аманбай, Иеке, т.б. құрметіне орнатылған гранитті екі ескерткіш пен үш тоғанды белгі (1995), Балқаш к-не таяу ұйыққұм құмындағы тас пен топырақтан үйілген зират, Жынбұлақауылының шығысындағы Сарықамыс сайындағы тас кескіндер және Үштөбе-Талдықорған автотрассасының 20, 8, 22, 26 және 28-км-ндегі топырақ және тас үйіндісінен тұратын қорғанды зираттар тобы бар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет