«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Ақсу ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі



бет13/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
31 .Ақсу ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі

Ақсу ауданы – Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 12,6 мың км2. Тұрғыны 37,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді (2006).[3] Аудан орталығы – Жансүгіров кенті. Аудан жеріндегі 54 елді мекен 3 кенттік және 15 ауылдық округтерге біріктірілген. Ақсу ауданы Балқаш – Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр. Шығысы Қытай мемлекетімен, қалған бөлігі облыстың Сарқант, Алакөл, Қаратал аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өзенінің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрған, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш.


Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің ауданы 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). Ақсу ауданы аумағында Матай, Молалы, Алажиде темір жол стансалары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолы өтеді.

32. Герасим Алексеевич Колпаковскийдің Верный қаласында қызмет етуі, қаланы дамытуға қосқан үлесі.


Верный бекінісіне 4 шілдеде келген. 1860 ж. күзде орыстарды Жетісуға қоныстандырмау үшін шабуылдап келген Қоқан хандығының 10 мың сарбазы бар әскерін Ұзынағашта қарсы алып, 21 қазанда Қарақастек өз. бойындағы шайқаста жеңген. Жеңісі үшін полковник шені, орден, айрықша әскери белгі берілген. Сол шайқаста оның 1 мыңдай ғана әскері қатарында Әли, Тезек төрелер мен Сұраншы батыр бастаған қазақ жүздігі де болған. 1862 ж. Шу өзені алқабына жасалған экспедицияны басқарды, 23 – 24 қазанда Пішпекті (Бішкек) алды. Сол жылы оған генерал-майор атағы берілді. 1865 ж. Семей облысының әскери губернаторы, 1867 ж. Жетісу облысы әскери губернаторы, әскер қолбасы, жаңадан құрылған Жетісу казак әскерінің тағайындалған атаманы болған. Верный (Алматы) қаласы осы Колпаковский жобасы бойынша салына бастаған. Оның ұсынысымен мұнда ер балалар мен қыздар гимназиясы, 1873 ж. қазақ балалары үшін арнайы мектеп ашылған. 1882 ж. Дала өлкесіне (Бұған Бат. Сібір, Сарыарқа мен Жетісу өлкелері кірген) генерал-губернатор және Омбы әскери округі әскерінің қолбасшысы, Сібір казак әскерінің атаманы болып тағайындалды. Бұған дейін Түркістан генерал-губернаторы міндетін 1783 – 82 ж., генерал-адьютант К.П. фон-Кауфманның сырқаттануына байланысты әлденеше рет уақытша атқарып тұрған болатын. 1871 ж. оған генерал-лейтенант, 1885 ж. инфантерия генералы атағы берілді. 1889 ж. 25 қазанда Ресей империясының Әскери Кеңесі мүшелігіне тағайындалып, Санкт-Петербургқа ауысады. Колпаковский әуесқой зерттеуші ретінде ғалымдар Н.А. Северцовқа (1827 – 85), Ч.Дарвинге (1809 – 82) және музейлер мен ғылыми қоғамдарға Жетісу өлкесінен өзі жинаған құстардың, аңдар мен жәндіктердің, өсімдіктердің бай коллекциясын сыйға тартты. Ш.Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болып, онымен үнемі хат алысып тұрған. Соңынан Шоқан мен оның нағашысы М.Шорманов зираттарын көтерісуге ат салысқан.

33. Көрме - инновациялық үрдіс ретінде. Алматы қаласының музейлік потенциалы


Бүгінгі таңда республикада музейлер саны бойынша Алматы облысы І орынды алады. Облыс бойынша халыққа 22 музей, 2 галерея қызмет етуде.


Алматы облысы әкімінің қолдауымен алты жыл ішінде 16 музейге жөндеу және безендіру жұмыстары жүргізіліп, музей қорлары жаңа экспонаттармен толыққан. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Аязбаева айтты.
- «Музалар ғибадатханасы», «ескілікті сақтаушы» немесе «көне құндылықты сақтайтын орын» деген мағынаны білдіретін музейлердің негізгі міндеті - жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлт тарихын тереңдеп таныту болып табылады. Әр музей құнды жәдігерлерімен, қайталанбас тарихымен ерекше. Облыс аумағындағы музейлер қоры 60 239 жәдігерді құрайды. Оның 30 081-і Негізгі қорға, 30 158-і көмекші қорға жатады. Осы жәдігерлерге есеп пен сақтау жұмыстарының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету кез келген музейге қойылатын басты талап, - деді Р. Аязбаева.
Жалпы, Алматы облысындағы музейлердің ішінен ең көне жәдігерлердің бірегейі деп бір шегесіз тұрғызылған Жаркент мешітін, 1946 жылы құрылған Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды, қазақтың тұңғыш саяхатшы-ғалымы Ш.Уәлихановтың (1985 ж.), елімізде ең бірінші болып «Алтын адам» ескерткіші табылған Есік қаласындағы археологиялық- өлкетану (1996 ж.), «Черкасск қорғанысы», М.Мақатаевтың әдеби және М.Төлебаевтың мемориалды музейлерін атап айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет