«Туризм және тілдер» факультеті шағын жоба тақырыбы: Қаңлы мемлекеті мен Кангую мемлекетінің тарихы Орындаған: Берекенова Н. Ж. Сағынова Ж. Б


Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты



бет3/7
Дата09.12.2023
өлшемі43,81 Kb.
#196020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қаңлы
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , абайтану, 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су
2. Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты

Үлкенді-кішілі кез келген мемлекеттің өз дәуіріне,заман талабына,саяси экономикалық,табиғи-географиялық жағдайларына байланысты қалыптасқан құрылымы, құрамы, сондай-ақ оны басқару жүйесі және ол үшін аса қажетті мемлекеттік атрибуттары,атап айтқанда: саяси,тарихи, экономикалық негізі,табиғи географиялық ортасы өзіндік рәміздер, ортақ тілі, жазуы, ақшасы заңы, этникалық тұтастығы, әскери күші, өмір тіршілік көздері мен тәсілдері болуы шарт.Біз қарастырған еңбектер,онда келтірілген дерек мағлұматтар шамамен ХV ғасырдай дәуірлеген Кангюй мемлекетінің бойынан түгел табылады деп айтуға толық негіз болады.


Қаңлы мемлекетінің жалпы қоғамдық бейнесі туралы төмендегіше қорытынды түйін жасаймыз.
1. Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз. Қытай елшісі Чжан-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің құрылған,не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп тұрған дәуірін баяндайды.Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген б.д.д ІІІ-ғасырын емес, ІІ-ІІІ ғасыр одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.
2. Қаңлы мемлекеті- түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне дәуірден-ақ қаңлы мемлекетінің қалыптасуына этникалық негіз болып, іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сыр бойында тым ерте пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.
3. Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәуірдің талабына лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.
4. Өз алдына өз билігі өзінде,өз жері бар,көрші елдермен терезесі тең қарым-қатынасы тығыз ел болған.Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы бейбітшілік принципінде қалыптастырғанын көреміз.Мәселен қаңлы патшасының өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп «аманат» ретінде беруі,еліне келген Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей,өзінің тәкаппарлығын танытуы-осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.
5. Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз болады. «Заң жинағы» (кодексі) патша сарайында тұрады, қажет адамдар онымен сонда барып танысады» деген дерек бір ортадан басқаруға қажет өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр.Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін ғана емес сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата- анасымен жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.
6. Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының,үй ішінің қалыптасқан тәртібіде жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен,қаңлы патшалары бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған.Бес деңгейдегі бейлік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген.Қаңлы патшалығында көп әйел алу салты да болған.Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік елшілермен кездесу салтанатында әрбір адамның отыратын өз орны болған. Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне сүйеніп отыратын болған.
Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде жазғы және қысқы сарайлары болған.
7.Қаңлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған (мысалы: аландар елі) елдер мен қарым-қатынас жасау тәртібі жатады.
Қаңлы мемлекетіне байланысты Қытай дерек көздерінде айтылмаған бұрын соңды көп сөз болмаған күрделі проблеманың бірі – көне Кангюй мемлекетіне көне Хорезм жеріндегі Кан-Хорезм мемлекетінің қатыстылығы.Бұл акад. С.П.Толстов зерттеулерінен кейін жария болған.Бірақ кейбір тарихшылар көп мойындай қоймаған жаңа идея.Ол ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі «Канха-Хорезм мемлекеті» VІІІ-ғасырдан бұрында,кейінде көне Кангюй мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет