Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий Технологиялар және инжиниринг университеті «Туризм және тілдер» факультеті
ШАҒЫН ЖОБА Тақырыбы: Қаңлы мемлекеті мен Кангую мемлекетінің тарихы
1.«Қаңлы» атауы және Кангую мемлекетінің территориясы туралы деректер.............4
2. Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты..........................................7
3. Қаңлы мемлекеті, мәдениеті.........................................................................................10
4. Қаңлы мемлекеті, шаруашылығы мен кәсібі..............................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................15
Кіріспе Қаңлы - қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы тайпаларының бірегейі.Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, “Қаңлытану” проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. «Тарих-халықтардың» қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті»,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей.