Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы


Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі21,39 Kb.
#80977
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
4..Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
44, 44
Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:

Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
Каспий теңізі бойынша Ақтау – Астархань (Ресей) – Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) – Энзели (Иран) – Түркменбаши (Түрікменстан) – Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.

  1. Қазақстан – ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы” жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді.
Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебінен одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнімнің тартымдылығын елеулі арттыруға әкеледі және Қазақстанның қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде әлемдік туристік нарыққа кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңірдің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет