Матаға арқауды енгізу және мата жиегіне арқау жібін соққылау
Станоктың жұмыс істеуі уақытында әрбір күзу шалу барысында арқау жібі күзуге енгізіліп, өндірілген мата жиегіне соғылуы керек. Демек, арқау екі қозғалыста болуы керек: бірі – негіз жіп бойынша көлденең бағытта; екіншісі оның бойында бойлай бағытта қозғалуы керек. Қайықты тоқыма станогында негіз жіптің көлденең бойында арқау жібінің қозғалысы күзуде жаңа арқау жібін сала отырып, қуманың соққысы әсерімен батанның ізіменен оның бір ұшынан екінші ұшына ұша отыратын қайықтың көмегімен іске асырылады. Жаңа арқаушықтың негіз жібі бойымен өңделген мата жиегіне қарай қозғалысы батанның әсерімен іске асырылады.
Мата жиегіне соққылау барысында жаңа арқауша мата жиегіне бердоның жақындауынан бірнеше есе жоғарылайтын өзара қысым және үйкелісті алып келетін негіз жібімен өзара әсерлеседі. Мата жиегіне соғылушы арқаушаны енгізгеннен кейін негіз жіпке қарағанда оның кейінгі орналасу деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар негіз жіптерінің де керілісі жоғары болады, өйткені негіз жіп керілісін қосымша керу және мата керілісін төмендетуді алып келе отырып мата жиегіне бердоны орналастырады. Қайта салынған арқауша өзінің жол бөлігінің бірін ашық күзу барысында өтсе, ал екінші бөлігін жабық күзу барысында өткізеді. Кідіріс мезеті неғұрлым ерте келсе, соғұрлым арқауша жабық күзу барысында ұзақ жүреді. Бұл өз кезегінде өндірілуші матаның құрылуына өз әсерін тигізеді.
Мата жиегі соққылау барысында мата жағына қарай орын ауыстырса, ал соққылаудан кейін қайта артқа қарай кетеді. Осы аталған орын ауыстыру шамасын соққылау жолағы деп атайды. Соққылау жолағының мөлшері өз кезегінде негіз жіптерінің керілісіне тікелей байланысты. Осы керіліс неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым соққылау жолағы төмен болады және керісінше. Өндірілуші мата тығыздығының жоғарылауымен соққылау жолағы лезде жоғарылайды, ал негіз жіптерін сабақтаушысының керілісі жоғарылауымен ол төмендейді. Соққылау жолағының мөлшері негіз жіптері және маталардың қатаңдық коэффициентіне де байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |