Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет41/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Соққылау механизмдері


Тоқыма станоктарының соққы механизмдері бір қайықты қорапшадан екіншісіне күзу арқылы қайықтың ұшуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын аталған қайыққа қажетті жылдамдықты беру үшін қызмет атқарады. Сонымен қатар қайық қумадан соққы алып инерциямен қозғалады.


Өйткені соққы станоктың үзілісті түрде бір жағынан және екінші жағынан іске асырылады, сондықтан да соққылаушы механизмдер станоктың екі жағынан да орналасады. Олар кезектесе орындайды. Сондықтан да орта білікте соққылаушы жұдырықшалар бір біріне 1800 бұрыла орнатылады. Демек, орта біліктің айналу жиілігі иінді біліктің айналу жиілігінен екі есеге төмен болуы керек. Ол үшін ора біліктің тегершік тістерінің саны иінді білік тегершігінің тістерінен екі есеге жоғары болады.
Тоқыма станоктарында соққылы механизмдердің түрлі құрастыруы қолданылады. Орналасуы бойынша соққылы механизмдер орта, төменгі және жоғарғы соққылы механизмдерге бөлінсе, ал әсер етуші принципі бойынша – жұдырықшалы, қосиінді және серіппелі болып бөлінеді. Олардың ішінде кең түрде таралғандары ретінде орта соққылы механизмдер болып табылады, олар көбінесе автоматтты тоқыма станоктарында орнатылады.




Сурет 68. Автоматты тоқыма станогындағы орта соққылы механизмнің
сұлбасы

(68 суретте) автоматты тоқыма станогында орта соққылы механизмнің схемасы көрсетілген. Станоктың ортаңғы білігінде соққылаушы білік тұтқышының (ұршық) көлденең иығында отыратын сырғымалыға 2 әсер етуші соққылаушы эксцентрик бекітілген. Жоғарыда аталған білікшенің бұрылуы өз кезегінде қайыққа 6 соққыны жылдамдатушымен 5
жеткізуші қуманың 4 орын ауыстырылуына алып келеді.

Қуманың төменгі ұшы жылдамдатушы айшығы радиусымен жазылатын төменгі бөлігінің профилі өз өзін дөңес ретінде қарастыратын кебіс 7 қимасына қойылады. Қумасы бар кебіс батан астындағы білікке бекітілген кронштейнге 8 орнатылады. Қуманың бұрылуы барысында кебіс жазықтық бойынша сырғып, ал қума айшығының шыңы тура жылжи отырып қайыққа тура сызықты қозғалысты бағыттайды. Қуманың төменгі бөлігінде кронштейн білікшесіне сүйенген тілше 9 бекітілген. Тілше және қума білікшеге қысушы таспамен 10 қысылады. Таспаның бір ұшы қумада орнатылса, ал екінші ұшы блочкада 11 болады, аталған баутесік бірікпе ішінде болатын спиральді серіппенің әсерімен жоғарыдағы таспаны керілген күйінде ұстап отырады. Қума, тілше, тірек және керуші таспа бір болтпен бекітілген. Керуші таспаның әсерімен соққының аяқталуы барысында қума өзінің бастапқы күйіне оралады. Қуманың жанама түрдегі орын ауыстыруына алдын алу үшін кронштейнде
8 тірек 7 ойықшаға кіретін арнайы құйма 12 істелген.
Соққы білікшесі қумамен кіші қамыт көмегімен 14 бөренемен 15 байланысқан серіппе 13 байланысқан. Ал бөрененің екінші ұшында қуманың еркін өтілуіне мүмкіндің беретін үлкен қамыт 16 орнатылған. Үлкен қамыт қумада бекітілген тілшемен 17 тұрақтандырылып отырады. Үлкен және кіші қамыттардың бекітілген орындарында аталған қамыттардың ұзындықтарын өзгертуге мүмкіндік беретін арнайы тесіктер жасалған.
Соғу күшін жоғарылату (қуманың жылдамдығын арттыру үшін) үшін қумадағы серіппені немесе тілшені төмен түсіру немесе қамыт және қума аралығындағы саңылауды төмендету қажет. Бастапқы соққыны орнату үшін соққы эксцентригін орта біліктің айналу бағыты бойынша бұру қажет. Оның, яғни, орта біліктің кері қарай бұрылуы барысында соққының бастапқы соққысы мейлінше кешігіп іске асады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет