Тусупбеков Ж. А. Жуматова Г. М. Абдрахманова А. А



бет1/11
Дата26.03.2022
өлшемі109,22 Kb.
#136886
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері


Қарағанды техникалық университеті

Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы

Саясаттану пәні бойынша ДӘРІС Тезисі


пӘН ОҚЫТУШЫЛАРЫ: СадВАКАСОВА Р.М.
Тусупбеков Ж.А.
Жуматова Г.М.
Абдрахманова А.А.

2021


Тақырып 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі Саясат-1 сағат.


Жоспары
1. Саясаттану пәні мен объектісі. Саясаттану ғылым ретінде Институционализация.
2. Саясаттану әдістері мен функциялары.
3.Саясат әлеуметтік құбылыс ретінде.
Саясаттану сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен шықкан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде алатын орны ерекше болып табылады. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Өйткені саясаттың дұрыс-бұрыстығы, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың кандай түрлері бар және оның ішінде ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы, тиімдісі қайсысы деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялык түсінікте болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірді дүниені кұдайдың құдіретімен пайда болды деп ұқты. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік кұдайдың кұдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүрігізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.
Ал кейінірек адамзаттын іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясат туралы әр түрлі ұғымдар, түсініктер, тұжырымдамалар пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси қатынастардың одан әрі күрделенуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі саясаттың өміріне мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Міне, осының нәтижесінде саяси теориялар пайд болды.
Біздің з. б. бірінші мыңжылдыктың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі қалыртасты. Мұнда аса зор еңбек еткен ғұлама ғалымдар — Конфуций, Платон және Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыстырады. Олардың саясат адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгерішілікке негізделуге тиіс. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотелді атады. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. "Саясат" деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттын діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтын оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның ХVІ ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге беиімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның аркасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды. Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардын қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Халыкаралық мемлекет аралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттын қызметтері мен міндеттері күрделілене түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т.Джефферсон, Т. Иейн, И. Кант, Гегельсынның көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оку орындарында саясатгану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кенес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуренін құра алмаған да болар еді. Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және т.б. жоғары оку орындарында бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет