Тусупбеков Ж. А. Жуматова Г. М. Абдрахманова А. А


Саяси даму және саяси модернизация



бет9/11
Дата26.03.2022
өлшемі109,22 Kb.
#136886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері

10.Саяси даму және саяси модернизация


Жоспар
1. Саяси даму және оның өлшемдері.
2. Саяси жаңғырту ұғымы, мақсаттары және қозғаушы күштері.

Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.


Критерийлері:
1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;
2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;
3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды. Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден,саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет. Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:
- модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?
- модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?
Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.
Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.
Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.
Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:
- жоғары дењгейдегі индустриализация;
- жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;
- қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;
- халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;
- өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету;
- єлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.
үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.
Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені – жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет