2.2 Қазақ салт-дәстүрін кино тілімен бейнелеудегі көркемдік шешімдер
Ұлттық тұғыр, ұлттық бағыт-бағдар мәдениет саласы үшін ғана емес, бүкіл
дүниежүзінің ортақ категориясына айналып отырған нарық экономикасы үшін
де маңызды. Іргелі ел, қуатты мемлекет болудың ең үлкен тетігі – ұлттық
экономиканы көркейте білу екендігі белгілі. Қай елдің болмасын экономикалық
саясаты мен сол ұлттың тағдыры өте тығыз байланыста болатыны анық. Онсыз
қоғамдық құрылымның алға жылжымасы анық. Сондықтан ең алдымен ұлт
тағдыры, оның ішіндегі ұрпақ болашағы жөніндегі мәселені мықтап ұстанған
экономикалық реформа адамның әлеуметтік әл-ауқатын, күнделікті тұрмыс
жағдайын көтеруге ғана емес, сол адамзаттың рухани өсуіне, өнері мен
мәдениетінің өрлеуіне, оқу-білім дәрежесінің жоғары болуы жолында қызмет
етуге міндетті. Соның ішінде тарих, дәстүр, әдет-ғұрып тәрізді ұлттық
құндылықтардың алда тұратыны белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан
бастап-ақ әдебиеттің, өнер мен мәдениеттің барлық салаларында тарихымызды
білуге, ақтаңдақ беттердің ақиқатын ашуға деген қызығушылықтың артқаны
рас. «The culture, in the entirety of its components herewith acts as a most important
factor of sustainable development, and because of that, preservation of cultural codes,
traditions and national customs gains tropicality. The continuity of generations is
provided for, in particular, by restoration and development of national customs and
rituals which accumulate centuries-long experience of the nation» [112, P 5182-
5197.]. Яғни, өткенді тану, болашаққа сол өткен тарихи іздер арқылы жол салу
бірнеше жыл бодандықта болып, өзінің түп тамырын танымайтын халге жеткен
қазақ халқы үшін маңызды болып табылады. Сол егемендікке қол жеткізген
ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елі ұлттық қалып пен ата салтының
қайнар бұлағына ат басын бұрып, бағытын түзеуге бет алып отыр.
Жалпы кейбір ұмытылып бара жатқан дәстүрлер мен ғұрыптарды қайта
жаңғырту бүгінгі ұрпақтың міндеті. Өйткені салт-дәстүр дегеніміз – ғасырдан-
ғасырға, атадан-балаға жетуге тиісті рухани қазына. Ендеше ұлттық сананы,
халықтық болмысты, оның салт-жоралғыларын, тарихи-рухани үдерістерді,
68
дара ұлттың данышпан болмысын сол күйінде сақтайтын және кейінгі ұрпаққа
көркемдеп жеткізетін өнердің бір түрі – кино. Әлемдік аренаға кенже келсе де
бұл өнер қазіргі уақытта өзінің дара спецификасымен өзге жанрлардан оқ бойы
озық тұр. Бұған күн сайын қарқынды түрде дамып жатқан техника мен
технологияның әсер-ықпалы себеп. Сол сияқты мұнда ата-баба тарихын ұлттық
бояуы қалың шығармаларда мейлінше ашық әрі нақты суреттеп беру
функциясы бар.
Драмалық шығарма болсын немесе киносценарий болсын ол сюжеттік
желіден, фабуладан, кейіпкерлер мінезінен және тартыстан тұратыны анық.
Мұнсыз көркем дүние болмайтыны анық. Кинотанушы Лев Кулешовтің айтуы
бойынша: «Кинематографическая картина состоит из целого ряда сцен,
заснятых в различных местах и склеенных в литературной последовательности
сценария. Обратим внимание на то, как снимаются отдельные сцены,
составляющие картину, и что из этого получается» [113, С. 65].
Бұл сюжеттегі
қимыл шиеленістің өрбуіне апарады. Ал, «Таким образом, работа сценариста
должна сводиться к выявлению фабулы через обращение действующих людей с
вещами, через поведение человека и его рефлексы. Исключительное качество
сценария в том, что оттуда нельзя ничего выкинуть, что каждый эпизод в нем
необходим и обязателен» [113, С 204]. Әрине шығармашылық терең ізденісті
қажет етеді десек, қазақ киногерлерінің ішінде шеберлігі мықты, үнемі ізденіс
үстінде жүретін режиссерлер аз емес.
Айталық Айдар мен Ажардың махаббат сезімінен басталатын Григорий
Рошаль мен Ефим Аронның «Абай әндері» (1945) фильмінде негізгі тартыс
жесір дауынан өрбиді. Ғұлама ақынның жастарға араша түсуі, оның ірі
феодалдарға қарсы айтылған әрбір сөзі қазақ қоғамының адамгершілік
категориясы ретінде жоғары құндылықты көрсетіп, сол арқылы тұлғаның
өсуінің жоғары деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Руханилық халықтың
ажырамас бөлігі болып саналатын болғандықтан, шығармада гуманистік
құндылықтар
материалдық
байлықтан
жоғары
тұрады.
Осындай
кинотуындыларды жарыққа шығарған қазақ киногерлері ескіні жаңарту –
жаңаны жоғалту емес, керісінше, жақсыны толықтыру, байыту екенін жақсы
ұққан.
Негізінен кино өнерінің болашақ алдындағы жауапкершілігі зор. Өйткені
онда тәрбиелік мән, ұлттық дәстүрдің қаймағы, тарихтың өшпес іздері жатыр.
Яғни, қандай өнер болмасын ол – халықтың мұрасы, өткеннің шежіресі. Соның
бірі – кино өнеріндегі экрандық бейне өз бойындағы танымдық мүмкіндікті
айқын байқатады. Экран өнері өзінің мүмкіндіктері мен негізгі функциясын
мейлінше кеңейтіп, рухани әрекеттің үлгісі ретінде қалыптасады. Сондықтан
режиссерлер фильм түсіру кезінде барынша көп көріністерді қамтуға
тырысады. Ол көрініс махаббат тақырыбына, адамзаттың әлеуметтік ахуалына
немесе ұлттық нақыштардың әртүрлі сарында сипатталуына байланысты болуы
мүмкін. Сайып келгенде қазақ киноларының сюжеті ұлттық тамырдан
ажыраған емес, яғни халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғы қандай
кинокартинада болмасын астармен немесе тікелей беріліп отырады.
69
Қазақ киносы өз тарихында ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық
құндылықтарды да жан-жақты қарастырып, көрермендерге жеткізе білді. Ұлы
Отан соғысы (1941-1945) кезінде жарық көрген қазақ кино туындылары
кеңестік кезеңнің болмысын көрсетсе де, ұлттық салт-дәстүрлерді барынша
бейнелеуге мән берді. Ал, соғыстан кейін түсірілген «Дала қызы» (1954, реж.
Ш.Айманов), «Оның уақыты келеді» (1957, реж. М.Бегалин), «Мәншүк туралы
ән» (1969, реж. М.Бегалин), «Менің атым Қожа» (1963, реж. А.Қарсақбаев),
«Ана туралы аңыз» (1963, реж. А.Карпов), «Тұлпардың ізі» (1964, реж.
М.Бегалин), «Алдар Көсе» (1964, реж. Ш.Айманов), «Атамекен» (1966,
реж.Ш.Айманов), «Тревожное утро» (1966, реж.А.Қарсақбаев), «Арман атаман»
(1967, реж.Ш.Бейсембаев), «Тақиялы періште» (1968,реж.Ш.Айманов)
«Балалық шаққа саяхат» (1968, А.Қарсақбаев) т.б. фильмдерде кеңестік
кезеңнің идеологиясы болса да, ұлттық салт-дәстүрлер терең көрініс тапты.
Айталық, М.Бегалиннің «Тұлпардың ізі» фильмі нағыз ұлттық
құндылықтарды жан-жақты жеткізіп бейнелей білген бірден-бір кинокартина.
Кейіпкерлерін былай қойғанда, фильмдегі декорация, жасалатын салт-
жоралғылар, киілген киімдер, барлығы ұлттық құндылықтарды көрсетеді.
Фильмде Хадиша Бөкеева сомдаған ананың келіні Жаухарға деген қамқорлығы
қазақ халқының келінге деген ыстық мейірімін көрсетеді. Басқа босағаны келін
болып аттаған Жаухарды жылы қарсы алып, осы отбасы мүшелерімен тез тіл
табысып, бауыр басып кетуіне зор ықпалын тигізеді.
Сол тәрізді әке ролін сомдаған Кәукен Кенжетаевтың құрыштан
құйғандай сом бейнесі ерекше толқытады. Қазақ халқы ықылым замандардан
бері отбасындағы әкені айрықша қадір тұтқан. Бала тәрбиесіндегі әкенің
атқарар жүгі орасан зор болған. Үйдегі бәйбішесі әкені асқақтатып, оның қас-
қабағына қарап балаларының алдында дауыс көтермеген. Ата-ананың өзара
ішкі сыйластығы бұл фильмде ерекше суреттелген. Бір-біріне демеу болып,
өмірдің барлық қиындығын қатар көтеріп келе жатқан қос қарияның мінезінен
бұрынғы апа-аталардың бейнесін көргендей боласыз. Ауыл өмірі мен мал
шаруашылығымен айналысудың ауыр мехнатын шынайы көрсеткен бұл
фильмде кейіпкерлердің ішкі психологиясы, жаңашылдыққа бетбұрыстары мен
ұмтылыстары боямасыз баяндалған.
«Атамекен» (1966 ж.) фильмін сол кезде түсірілген өзге картиналармен
салыстыруға келмейтін, Ш.Айманов туындыларының ішіндегі ең шоқтығы биік
шығарма десек қателеспейміз. Өйткені бұл жоғары адамгершілікті, рухани
тереңдікті айшықтайтын, сол сияқты көрерменнің бойын шымырлатып,
тебірентетін сезімдерге толы философиялық фильм. Мұның атауының өзі
картина идеясының халық даналығымен ұштасқандығын аңғартады. Фильмнің
сюжетінде қарт әкесі соғыстан оралмаған ұлының мүрдесін туған жеріне
жеткізіп, жерлемек болады. Сөйтіп, Мәскеу түбіндегі Носатино елді мекенінде
жерленген ұлының сүйегін тауып әкелуге аттанған қарт өзімен бірге жасөспірім
немересін ертіп жолға шығады.
Фильмнің алғашқы эпизодындағы бейітке қажетті балшықты аяғымен илеп
жатқан балаға қарсы жайғасқан атасының құран бағыштап, марқұмға сүрелер
70
арнауы кеңес кезіндегі атеистік түсінікке мүлдем қарама-қайшы болатын. Бұл
режиссердің сол уақыттағы кеңестік қоғамның әрбір халықты ұлттық
сипатынан айыру саясатына қарсылығын ашық байқатады және бұл
Ш.Аймановтың көзсіз батылдығы еді.
Басты кейіпкер ата роліндегі Елубай Өмірзақов көзінен заманның
қаттылығын, қайғыдан қасірет шеккен жанның ішкі күйзелісін сезу қиын емес.
Фильм кейіпкерлеріне кинотанушы Күлшара Айнағұлова мынадай сипаттама
береді: «Сложные противоречивые процессы, происходящие в душе старик,
глубоко скрыты, герой Умурзакова внешне бесстрастен. Этот человек, не
привыкший обнаруживать сокровенную трепетную жизнь своей души.
Последователь суровых и нпреложных нравственных устоев, издревле
существующих на земле предков, он знает одно: все душевные силы нужно
отдать во имя исполнения священных заветов» [11, С. 16]. Бұдан роль
орындаушының кейіпкердің мінезін, биік болмысын, ұстанған өмірлік
ұстанымын шебер жеткізгені байқалады.
Аталмыш шығармада қарт пен оның немересінің алыс әрі ұзақ жолдағы
күндері қаншама қиыншылық пен азапқа, психологиялық күйзеліс-толғанысқа
толы болса да нәтижесіз болмайды. Бұрын-соңды көрмеген бөтен елге барып-
келу жолында небір шытырман оқиғаларды бастан кешкен ақсақалдың жан
дүниесінің тазалығы, аруаққа деген ерекше құрметі поезд ішіндегі орыс
ғалымының өзі зерттеуге әкеле жатқан баланың бас сүйегін алып, оның
тарихын, яғни оған үш мың жыл болғанын айтып жатқанда анық аңғарылады.
Антрополог ғалымға тіксіне қараған қарттың пікірінше, өткенді қозғап, күнә
жасау тым артық.
Оқиғаны өрбітетін әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады. Әрекет кезеңі – ол
белгілі бір әрекетті қоздырып, әрі қарай оқиғаны өрбітеді. Әрекет кезеңінің
фабуланы, оқиғаны өрістетудегі күші басым келеді. Аталмыш фильмдегі
оқиғаны алға қарай қисынды жетелейтін сондай көріністің бірі деп поездың
жанынан шауып бара жатқан жігіттердің арасындағы әйелі ұл туған біреуінің
қуанышын жолаушылармен бірге бөліскен сәтін айтамыз. Сол жігіттің поезд
ішіндегілерден ұлына ат қоюын сұраған көріністегі Софьяның «баланың атын
Баян деп қой!» деген тұсынан қазақ халқының тағы бір салтын байқаймыз.
Ертедегі наным-сенім бойынша дүние есігін енді ғана ашқан нәрестеге
танымайтын жолаушы ат қойса, ол ұзақ әрі бақытты өмір сүреді екен. Осы
дәстүрді шығармадағы көрініс-оқиғалар тізбегіне қисынды қиюластырып
қолдануы Ш.Аймановтың көрегендігінен болып отыр.
Экрандағы шу кино өнері үшін маңызды көркемдік құрал саналады. Бұл
детальді орынды қолданудың нәтижесінде сол экранда жүріп жатқан оқиғаның
шынайылығы айқындала түсіп, оның көрерменге эмоциялық әсері мол болады.
Өзімен текетірес келген шешенді (кейін ол болмай шығады) қуып жүріп,
поездан қалып қойған қарттың немересі атасын іздеп, келесі бекеттен түсіп
қалу сәті кімді болмасын селт еткізбей қоймайды. Ендігі күйдің не боларын
білмейтін көрермен үшін бұл бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан
олардың күдігін тереңдетіп, эмоциясын тудырады. Одан арғы көріністе
71
танымайтын жерде жаяу ұзақ жүріп, жақын жердегі поселкеге келген оның
жағдайын білген ауыл тұрғындары қолдарынан келген көмектерін аямайды. Бұл
жер өздері іздеп келе жатқан Носатино деревнясы болып шығады. Сөйтіп, әкесі
жерленген бауырлар бейітін тауып алған Баянның есіміне екінші есім «Ер»
қосылады. Ең үлкен ерлік танытқан ол енді Ер Баян атанады.
Поезд үстінде терең ойға берілген қартты мазалайтыны «өшкелі тұрған
шаңырақтың жалғыз мұрагері – Баянға өзі қандай тәрбие берді, өміріне азық
боларлық не үйретті, оның тағдыры қандай болмақ?» деген сұрақтар. Міне,
фильмде орын алған осындай эпизодтар – бір ғана ақсақалдың басындағы хал
емес, сол уақыттағы, яғни соғыстан кейінгі жылдардағы бүкіл халықтың
мәселесі еді. Сондықтан фильм адамның жанын жай тапқызатын әсермен
аяқталады. Бұл туралы: «И лишь в финале картины, в момент выстраданной
встречи с потерявшимся по пути внуком, дед раскрывается эмоционально.
Радость встречи и обретения заставляет старого человека бежать навстречу
мальчику. Бурное выражение чувств по существу трагично – в этот момент
выплескивается все прежитое за многие годы нелегкой жизни, вся боль
отцовского сиротства, удивительная глубизна, душевное богатство, тонкость и
мудрость цельной натуры, щедрой личности» [11, С. 16], – деп жазылған.
Жалпы көпшіліктің жан дүниесін қозғайтын, өткенге қарап отырып, болашақты
болжауына мүмкіндік жасайтын, сонымен бірге ұлттық және адами
құндылықтарды насихаттайтын «Атамекен» фильмінің жалпы әрбір буын
көрермен үшін мәні мен маңызы зор. Қазақ кинематографиясында құрылымдық
бөлімдері мен композициясы тиянақты әрі жан-жақты құрастырылған фильмнің
сирек кездесетіні бұл – шындық. Мұның сауатты құрастырылуы әрине
сценарий авторының қиялына байланысты. Осы орайда аталмыш фильмнің
бастан-аяқ қисынды көріністерге, жүйелі желілерге негізделгендігін, автор мен
режиссердің шығармашылық тандемде жұмыс жасағандығын танытады.
Негізінен барлық көркем шығармаға тән құрылым сценарийде де болуы
заңды: сюжеттің басы, ортасы және соңы болуы міндетті. Деңгейі жоғары,
құрылымы айқын, композициясы тұтас сюжет міндетті түрде мықты айналмалы
оқиғаға толы болып, нақты түйіннен, шарықтау шегі мен шешімнен тұрады.
Ш.Аймановтың аталмыш шығармасын сондай көркемдік тұтастыққа
негізделген кинокартина деп толық айта аламыз.
Сонымен, жоғарыда талданған фильмдердегі ұлттық дәстүрлер халықтық
даналығын білдіретін бірден-бір негізгі факторлар саналады. Сол асыл
қазынаны, салт-дәстүрді насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген әрбір
буын өнерпаздар мен суреткерлердің болмысы биік болмақ. Ең негізгісі, ата-
баба салтын, қағидасын өнердің, оның ішінде кино өнерінің өзегіне айналдыру
үрдісін тоқтатпау міндетіміз. Себебі, аталмыш өнердің тарихты, адамзат
мәселелерін, қоғам өмірінде болған және болып жатқан жағдайларды таспа
арқылы сақтау мүмкіндігі шексіз. Негізі өнердегі қиындық «ізденіс» деген
ұғыммен астасып жатады. Мұнсыз көркем туындының тумайтыны белгілі.
Қазақ театр және кино өнерінің жарық жұлдызы, тұлғасы биік суреткер Шәкен
Аймановтың шығармашылық ізденісінің даралығы осындай біртуар
72
туындыларынан байқалып тұрады. Бұл бізге, бүгінгі ұрпағына аманат болып
қалған рухани мұра болып табылады.
Руханилық ұғымына әр халықтың өзіне тән мәдениеті, әлеуметтік,
экономикалық, саяси, қоғамдық ерекшеліктері, ділі, идеалы, дәстүрі, салты
жатады. Бұл жөнінде орыс-кеңес философы, әлеуметтанушы Владимир Плахов
өзінің
«Традиции и общество:
Опыт философско-социологического
исследования» деп аталатын еңбегінде: «Понятие духовности заключает в себе
социальные, экономические, политические, общественные особенности
каждого народа, менталитет, идеалы, традиции, обычаи, что называется
культурой определенного народа. Естественно, народные традиции не могут
существовать отдельно от общества. Они создаются и остаются в исторической
памяти народа, лучшие представители которого, выступая, как хранители и
носители традиций своего народа, передают их из поколения в поколение.
Таким образом, все самое лучшее и драгоценное в каждом народе, что
называется национальными традициями, становится источником развития
духовности, нравственности и культуры народа» [114,С. 36], – деп атап
көрсеткен.
Негізінен қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихи даму жолында ұлттың
мәдениеті деп аталатын рухани және материалдық құндылықтардың ерекше
жүйесін жасаған. Айта кететін болсақ, бастапқыда руханилықтың дамуы
күрделі және көпқырлы үрдіс ретінде қарастырылған. Ертедегі философтардың
руханилық туралы тұжырымы бойынша, рух – өзінің түпкі болмысына тән
айқындауларына сай еркін қатынас болып табылады. Демек, ұлттық рухты сол
халықтың әдебиетін, өнері мен мәдениетін жасайтын қуатты күш ретінде
танимыз. Қазақ халқының сан ғасырлар бойғы жинаған тәжірибесі ұрпақ
арасындағы ішкі және сыртқы байланыстарды сақтауға әрі тұлғаны
адамгершілік қағидасымен тәрбиелеуге құрылған. Ендеше ұлттық дәстүрлерді,
сол сияқты кинематографияның қоғамның дамуына ықпалы зор мұрасын сақтау
ұлттық кино өнерінің одан әрі дамуына өте қажет.
Зерттеу еңбекте қарастырылған «Атамекендегі» ұрпағына қалдыратын
аманаты жанын жегідей жеген қарттың Ұлы Отан соғысында қайтыс болған
ұлына арнап құран бағыштауы тәрізді экрандық көрініс-әрекеттердің қисынды
суреттелгенін, аталмыш шығармаларда қолданылған қазақ дәстүрлерінің сол
кинофильмнің идеялық тамырымен байланысып жатқанын аңғардық. Олай
болса, қазақ мәдениеті мен кино өнеріндегі ізденістердің ұлттың болашағы
үшін жасалып жатқандығына күмән жоқ.
Ал, М.Бегалиннің режиссурасымен 1969 жылы жарық көрген «Мәншүк
туралы ән» фильмі нағыз қазақи құндылықтарға толы кинокартина. Режиссер
бұл туындысында соғыс жылдарын бейнелеп көрсетсе де, қазақтың батыр
қызының өскен ортасын нағыз ұлттық бояулармен бере білген. Фильм оқиғасы
Мәншүктің айналасында өрбиді. Ол ел басына күн туғанда қолына қару алып
Отан қорғауға аттанады. Ақ қар, көк мұз жастанып соғыс даласында
шайқастарға қатысады. Сәл көзі ілініп кеткен сәттерде үнемі туған жерін, анасы
мен әкесін, солардың арасында асыр салып жүрген балалық шағын түсінде
73
көреді. Сондай түстерінің бірінде ауылында «Көкпар» тартып, ойнап жүрген
жастарды көреді. Бұл эпизодта қазақтың ұлттық ойны «Көкпардың» қалай
ойналатына жан-жақты көрсетілген. Ат үстінде шауып келе жатып, алдында
кетіп бара жатқан атты адамнан көкпарды тартып алудың оңай еместігі
бейнеленген. Бұған тақымы мықты, ат құлағында ойнайтын сайдың тасындай
жігіттер керек. Ат үстіндегі азаматтардың екпіні қатты. Нағыз спорттық жарыс.
Бұл ойынға қатысушылардың барлығы да ұтуды көздейді. Қызу ойын
арасындағы алыс-тартыстар камераның көзімен ірі пландадар арқылы ерекше
жеткізіліп, кейіпкерді сол кезеңге алып кеткендей сезім тудырады.
Келесі эпизодта Мәншүктің әкесімен кең далада серуендеп бара жатқаны
көрсетіледі. Қазақ халқы үшін туған жердің табиғатынан асқан көркем ештеңе
жоқ. Батылдық пен дархандық қаршадай қыздың бойына осы дала арқылы
келгенін режиссер өте жақсы ұқтырған. Бұл тұста домбырамен сүйемелденіп
айтылатын қазақ әні оқиғаның әсерін күшейте түседі. Ұлттық аспабымыз
домбыраның үні айрықша әсер тудырады. Режиссер ұлттық құндылыққа
жататын домбыраны фильмде қалайша пайдалуға болатынын көрсетіп берді.
Ұлы
режиссер
А.Қарсақбаев
тарихи-революциялық
фильмдердің
құрылымына ғана емес, идеялық-мағыналық жағына да мол өзгерістер әкелді.
Ол дәстүрлі экрандық моделге мүлде жаңа философиялық мазмұн,
кейіпкерлерге терең психологиялық мінез берді. Кеңес дәуірі кезіндегі тарихи
революциялық фильмдерде «тап жаулары» коммунистік идеология тұрғысынан
түсірілсе, А.Қарсақбаев фильмдерінде жаңа көркем шешімдер байқалды. Оның
«Қилы кезеңде» фильмінің бас кейіпкері большевик Тоқтар Байтенов жаңа
өкіметтің сойылын соқса, Жүніс бай ақылды, ержүрек өз отанын ерекше жақсы
көретін адам болып суреттелді.
Комиссар Тоқтар Байтенов (тарихта болған Тоқаш Бокин тап жауларының
қолынан қаза тапқан) өз қандастарын коммунистік идеяға сенуге, социализмді
нығайтуға үндейді. Кинокартинаның соңында Жүніс бай қолға түскен
Тоқтарды босатады. Ол өзенді кешіп өтіп, жағалаудың ар жағына кетеді. Бұл
фильмде өз Отандарын жан жүректерімен жақсы көретін екі көзқарастағы
адамдардың тағдыры шынайы суреттелген. Бірі туған жерін қимай аттанып
бара жатса, екіншісі болашағы бұлыңғыр алда не күтіп тұрғанын білмейді.
Фильм соңы көрермендерді әртүрлі ойға жетелейді. Яғни, Отанын «сатып»
басқа елге ауып кеткен Жүніс бай мен өз туған жерінде жазаға тартылатын
Тоқтардай революционерлердің тағдыры жұмбақ қалыпта қалады. Өз
қолдарымен орнатқан жаңа өкімет туған жерді қимай қалған бас көтерер зиялы
қауымды «халық жауы» атандырып, баудай қыратыны көрсетілмесе де, соның
ызғары сезіледі.
Бұл фильм арқылы біздің айтпағымыз қазақтар үшін Отан, туған жер деген
ұғымның қасиеттілігі. Дүние есігін ашқан әрбір сәби жөргекте жатқан кезінен
бастап ана әлдиімен бірге, өзінің туған жеріне деген махаббатты сіңіріп өседі.
Бесік жырында баланы ерлікке, батырлыққа тәрбиелейтін сөздер өте мол
ұшырасады. Бала есейе келе эпостық жырлар мен ертегілер арқылы да туған
жерге деген сүйіспеншілігін ұштай береді. Аталған фильмде екі түрлі көзқарас
74
болғанына қарамастан, Тоқтар мен Жүніс екеуінің туған елге, жерге деген
сезімдері бірдей. Екеуі де болашақ ұрпақты аман сақтап қалу жолында
арпалысқа түседі. Режиссердің басты мақсаты да туған жерге деген махаббаты
көрсету. Ол қазақтарды тапқа бөлмей тұтас қараған. Заман қиындығына
байланысты екі кейіпкер екі түрлі жол таңдауға мәжбүр екенін батылдықпен
көрсеткен. Кеңес өкіметінің саясаты тұншықтырып тұрған заманда
А.Қарсақбаевтың осындай батыл қадам жасап, қазақтарды тұтас қарастыруы
ерлік болатын. Осы фильмнен кейін көптеген қазақ режиссерлері қазақ
халқының тарихын шынайы көрсетуге талпыныс танытты. Бұл туралы белгілі
кино сыншысы Б.Нөгербек өзінің «На экране «Казахфильм»» деген кітабында
былайша
тоқталған:
«Кинотворчество
Абдуллы
Карсакбаева
будет
востребовано новыми поколениями зрителей. Потому что Абдулла Карсакбаев
снимал свои фильмы с чистым сердцем, не ради наград и премий. Он, живя в
тоталитарном государстве, не кривил душой, по мере возможности пытался
говорить правду о своем обществе. И поэтому его фильмы выдержали
испытание временем. Абдулла Карсакбаев был первопроходцем. Этим он
значителен и интересен будущим поколениям кинематографистов» [27, С.75-
76]. Шын мәнісінде де А.Қарсақбаев фильмдері қазақ киносының алтын қорын
толықтырып тұр.
Қазақ киносының жаңа белесі 1970 жылдарға тұспа-тұс келді. Ұлттық эпос
пен төл әдеби шығармаларға негізделіп жасалған бірнеше фильмдер түсірілді.
Атап айтқанда: «Қыз Жібек», «Қараш-Қараш», «Көксерек», «Гауһартас» сынды
кинотуындылар жарық көрді.
Белгілі жазушы М.Әуезовтың «Көксерек» шығармасының экрандалуы
қазақ киносының тағы бір алынған белесі еді. «Көксерек» (1973, Т.Өкеев)
фильмі қазақ жаласында, қара суық қыста орын алған қаралы оқиғаны
баяндайтын туынды. Режиссер жазушының әңгімесінен ұлттық құндылықтың
негізіндегі адами құндылықтарды көркем бейнелі жеткізе білген. Табиғат пен
адам, қазақ ұлтының құндылықтарына өзін қоршаған табиғат, яғни Жер-ана
мен адам арасындағы байланыстар да жатады. Міне, режиссер осы ойларды
жазушы бейнелегендей, визуалды түрде шебер жеткізе білді. Табиғат
болмысын, оның заңдылықтарын бұзбауды, адамның жануармен байланысын,
адам толғаныс–тебіреністерін ірі пландарға негіздеп, шығарма желісінен
ауытқымай бейнеледі.
Қазақ әдебиетінің көркем туындыларын экрандаудың тағы бір шебер
мысалы драматург Дулат
Исабековтың
«Гауһартасы»
(1975, реж.
Ш.Бейсембаев) болды. Бұл кеңес дәуірі кезіндегі еңбек адамдарын бейнелей
отырып,
ұлттық
болмысты
көрсетудің
озық
үлгісіне
айналды.
Ш.Бейсембаевтың шығармашылығына қатысты жазылған Б.Нөгербектің
мақаласында аталмыш фильмнің көркемдік құндылығына қатысты құнды
пікірлер айтылған. Кино сыншысы: «Второй знаменитый фильм Шарипа
Бейсембаева «Храни свою звезду» («Гауһартас») исполнен в жанре драмы.
Конфликт переводика производства с близкими и родными людьми, молодой
женой на почве гордыни, возможно, и не звучит сегодня актуально. Но
75
убедительная игра актеров, жизненность бытовых ситуаций на экране
подкупают зрителей. Душевная черствость и «звезная болезнь» вечного
победителя соцсоревания на фоне влюбленной в жизнь юной невестки вносит в
традиционный сюжетный мотив свежие интонации. Шарип Бейсембаев открыл
актрису Жанну Куанышеву. Писатель, драматургДулат Исабеков в казахском
кино, на мой взгляд, продолжил тему чабана-перодовика, впервые заявленную в
фильме «Следы уходят за горизонт» по повести и сценарию Акима Тарази.
Герой Шарипа Бейсембаева смотрит на себя как на совершенное существо,
высший продукт советского общества. Свою победу в социалистическом
соревновании с ежегодным вручением победителям радиопремников-
транзисторов он воспринимает как нечто закономерное» [27, С.86] - деп Тастан
бейнесін М.Бегалиннің «Тұлпардың ізі» фильміндегі қойшының бейнесімен
салыстырған. Дегенмен де, Д.Исабеков қойшылардың өмірі туралы көрсету
ойында болмағанын, бұл фильм сценарийі бірнеше рет өтпей қалған соң
амалсыз қосуына тура келгенін үнемі айтыпкеледі. Сол жылдардағы уақыт
талабы тілеп отырған мал шаруашылығының ең бір маңызды мәселелеріне
көңіл толарлықтай жауап беріп, малшылардың қиын өмірін, тұрмысын ашып
көрсету міндеті тұрды.
Бір отар қой бағатын алыс шалғайдағы ауылға келін болып түскен
Салтанат – Ж.Қуанышева өзімен бірге сол отбасына жаңа бір шуақ ала келеді.
Күндері бірқалыпты өтіп жатқан отбасына жас келін өзінің жастығымен,
нәзіктігімен, биязылығымен жаңа серпін береді. Оның ата-ене алдындағы
сыпайылығы, күйеуінің бетіне тік қарамауы, қайын інісін «ерке бала» деп
еркелетуі барлығы да ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіріп өскен қыз тәрбиесін
танытады. Салтанат дауыс көтеріп сөйлемесе де, бүкіл жан-дүниесімен, қимыл-
қозғалысымен өзінің ішкі болмысын көрсетіп отырады. Ештеңеге қызықпайтын
күйеуі Тастанның өзі фильм соңында жаны жұмсарып, тоңмойын мінезіне
өзгеріс кіреді.
Салтанат қазақ әйелінің көнбістігін, қиындық көріп жүрсе де сұлулыққа
деген сенімін, үмітін жоғалтпайтын нәзіктігімен есте қалды. Күйеуінің өзіне
деген салқындығын, тіпті енжарлығын сезіп жүрсе де, соның жүрегінен жол
табуға деген талпынысы таңқалдырады. Салтанаттың бүкіл бітім-болмысынан
өмірге деген құштарлық еседі.
Тастанның анасын ойнаған Әмина Өмірзақова қазақ әйелдерінің жиынтық
бейнесін көркем жасап шықты. Оның бойынан төгіліп тұратын мол мейірім,
балаларына деген аналық махаббаты, күйеуіне деген құрметі ерекше сезім
тудырады. Әсіресе, отағасына қарсы келмей, үнемі оны қас-қабағынан, ым-
ишарасынан түсіне қоюы да, бірнеше ғасырлардан бері қалыптасқан қазақ
әйелінің мінезін танытады. Отбасының берекесі мен татулығының ұйытқысына
айналған ана өзінің қас-қабағы арқылы ерінің ісін қоштап-қоштамайтын
кездерін де аңғартып отырады. Актрисаның мол ауқымды, кең тынысты
шеберлігінің арқасында ене мен келін арасындағы көзге көрінбейтін нәзік
сезімдер де ашыла түскен. Келініне суық тиіп ауырып қалатын кездегі ана
76
уайымының қалыңдап, көзінен жас кетпеуінен асқан қамқорлықты ғана емес,
адам қасиетін бағалай білетін кең жүректілін танимыз.
Әке бейнесін сомдаған К.Кенжетаев та өз қаһарманын биік тұғырға көтере
білді. Оның кейіпкері аса салмақты. Аз сөйлеп көп іс тындыратын адам.
Өмірдің барлық ыстық-суығын бастан кешіріп, еңбекпен есейген жан. Оның
қатал мінезінен бүкіл отбасы мүшелері қатты қаймыққандарымен де, оны
жақсы көреді. Ол жаңа заманның кейбір жаңалықтарына қарсылық
білдіргенімен де, балаларының сол заманға лайық болғанын қалайды. Бұл
фильмдегі әке шын мәнісінде өзіне сенімді, қара шаңырақтың тірегі,
балаларының панасы, жарының мақтанышы бола білген бейне тұғырына
көтерілген. Әке мен балаларының арасындағы қарым-қатынас та өте шынайы
берілген.
Фильмде белгілі театр және кино актері Әнуар Боранбаев сомдаған Тастан
ролі айрықша жасалды. Бұл туралы белгілі театр сыншысы Ә.Сығай былай
деген: «Жазушы Дулат Исабековтың сценарийі бойынша 1975 жылдардың
ортасында түсірілген «Гауһартас» фильмінде бас кейіпкер Тастанның рөлінде
алғаш көрінген Әнуар таланты осынау тоғышар да тоңмойын, іші мен сырты
алшақ жатқан, кереғар мінезді, күрделі болмысты сәтті әдіптей білді. Тастан
рөліне түсуге тілек білдірушілер тізімі қомақты болуына қарамастан, фильмнің
режиссері марқұм Шәріп Бейсембаев сол жолы жап-жас өнер иесі Әнуарды
таңдаған еді. Бір қызығы, әуелі сценарий иесі Д.Исабеков Әнуарға сенімсіздік
білдіргендей де болған. Бірақ, нәтижесінде Әнуар талабы сценарий авторының
күдігі мен фильм режиссерінің батыл сенімін әрқалай ақтап, дәл сол жылғы
ақпар-жоспарына жығылып-сүрініп әзер жеткелі тұрған «Қазақфильм»
киностудиясын қысылшаң сәтінен жедел құтқарып, қазақ кино өнерінің
мәртебесін көтеріп тастағаны көпке аян» [115, 212 б.]. Сыншының осы пікіріне
сүйенетін болсақ Тастан рөліне режиссер кез-келген актерді ала салмаған екен.
Бұған Д.Исабековтың фильм премьерасынан кейін берген сұхбаты да дәлел. Ол
өз әсері туралы: «1975 жылы «Гауһартас» фильмі түсірілетін болып, Әнуар
Боранбаевпен сол кезде таныстым. Менің повесімде Ыбыш-Тастан мола бүркіт
секілді қонжиып отыратын дөрекі де де зор денелі болатын. Жасыратын несі
бар, ол осы рөлге бекітілді дегенде, ол қалай ойнайды деп көзге елестете алмай-
ақ қойдым. Сол жылдың 31 желтоқсанында Кино үйінде «Гаухартастың»
премьерасы өтті. Фильмді бірнеші рет қайталап көргеннен кейін режиссердің
актер таңдауда жаңылыспағанын түсіндім. Әнуар актерлік шеберлігімен өз
бейнесін алып шықты, көрермендерін иландыра білді. Енді Боранбаевсыз
«Гауһартасты» елестете алмаймын» [115, 212 б.] – деп шын бағасын берген
болатын. Расында да аталмыш рөлде актерде жарқырап көрінді. Ол Тастанның
аса еңбекқор, өз жұмысына берілген еңбек адамы етіп сомдады. Әйелі
Салтанттың аса нәзіктігі, табиғат сұлулығын көре білетін сезімталдығы, әсем
үні жігіт жүрегіне саңлау түсіріп, айналасына басқаша қарай бастайды. Актер
ойынында Тастан әйелінің бойындағы тұнып тұрған сұлулықты бастапқыда
байқамаса да, бірақ оған өзінің ғашық екенін ішкі сезімдерінен байқатады.
Фильм соңында өзінің жақындары мен әйелін жан жүрегімен жақсы көретін
77
өзгерген адамның ішкі толқыны сыртқа тебеді. Бұрын қысылып, қымтырылып,
өзін тұйық ұстайтын Тастан фильм соңында ішкі сезімдерін ашық көрсетеді.
Бұл фильмде ұлттық тәрбие мен ұлттық салт-дәстүрлер ірі пландармен
немесе ұсақ кадрлармен көркем жеткізілген. Жаз жайлауда кигіз үйде отыратын
шопандардың ақ қанатты кигіз үйлерінің іші ұлттық ою-өрнектермен
көмкерілген. Тастан мен Салтанаттың отаулары ата-аналарының үйінен сәл
алшақ орналасқан. Келген қонақтардың үлкен үйге кірулері салт бойынша қара
шаңырақты сыйлағандық болып саналады. Сол сияқты, киіз басу, шопандардың
тойы өтетін кадрларда салт-дәстүрлер айқын көрсетілген.
Сонымен кеңес дәуірінің қыспағына қарамастан, ұлтымыздың кескін-
келбетін, ұлттық салт -дәстүрін дәріптеген фильмдердің маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: |