Туякбаева айгуль шаймуратовна



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

Зерттеу жұмысының нысаны
Кеңестік және тәуелсіздік жылдарындағы қaзaқ кинeмaтoгрaфиясы.
Зерттеудің пәні
Қазақ халқының рухани мәдениетінің құрамдас және ажырамайтын бөлігі 
болып саналатын дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың отандық 
кинематографиядағы көрінісі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Ғылыми жұмыстың негізгі 
мақсаты 
– отандық кино өнерінде орын алған 
қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтардың ерекшелігін 
анықтау болып табылады. 
 
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей негізгі 
міндеттер
қойылды: 
– қазақ кинематографиясының фoльклoрлық табиғатын ашу, кеңестік дәуір 
мен тәуелсіздік жылдарында түсірілген шығармаларды салыстырмалы түрде 
талдау; 
– кеңестік және отандық киноларда көрініс тапқан ұлттық және 
жалпымәдени құндылықтарды экран арқылы қалпына келтірудің өзіне тән 
ерекшеліктеріне талдау жасау; 
– отандық кино өнерінің қазақ тарихын, мәдениеті мен философиясын, діні 
мен этнографиясын насихаттауға қосқан үлесін бағалау;
– ұлттық салт-дәстүрлердің экран арқылы көрініс табуын рухани дамудың 
басты факторы ретінде қарастыру; 
–қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмыстық ерекшелігі айқын 
бейнеленген көркем фильмдердің тарихи мазмұнына толыққанды талдау жасау;
– қазақ киноларындағы ұлттық сананың даму факторлары мен ерекшелігін 
ғылыми тұрғыдан жүйелеу. 
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Белгілі бір ұлттың рухани мұрасы саналатын дәстүр-жоралғылардың 
негізгі шығу тегін сол елдің рухы биік, халықшыл тұлғаларының сақтап, 
ұрпаққа аманат ретінде ұсынатыны белгілі. Халықтық негізгі келбетінің, 



ұстанымы мен өмір сүру дағдысының өзіндік бағытын көрсететін сол әдет-
ғұрыптардың басты қайнар көзі мәдениет болып табылады. Ал, мәдениеттің 
қоғам үшін, адамзат тұрмысы үшін маңызы жоғары. Философия 
ғылымдарының докторы Серік Нұрмұратов мәдениеттің қоғам өміріндегі орны 
жөнінде: «Мәдениет – әрбір халықтың ғасырлар бойы қордаланып, сұрыптап, 
електен өткізіп жинақтаған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-
дәстүрі, әдет-ғұрып, ділі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың 
өзіндік ұлттық келбеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай 
өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын 
қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері 
арқылы өзін әлемге паш етіп отырады» [3, 153 б.], – деп атап көрсетеді. Ғалым 
меңзеп отырған халық айнасының бірі – өнердің, оның ішінде терең тамырлы 
тарихтан сыр шертетін, кино өнерінің ұлттық салт-дәстүрлер мен жөн-
жоралғылардың ұрпақтан-ұрпаққа таралуы жолында атқаратын қызметі зор.
Кино туындыларында бейнеленген ұлттық сана мен дәстүрдің 
спецификасы, оның негізгі функциясы жөніндегі Б.Балаш [4], З.Кракауэр [5], 
П.Пазолини [6], О.Аронсон [7], В.Фомин [8], К.Сиранов [9], Б.Нөгербек [10], 
К.Айнақұлова, К.Алимбаева [11], Н.Рахманқызы [12], Г.Әбікеева [13], 
К.Смаилов [14], т.б. шетелдік, ресейлік және отандық кинотанушылар мен 
мәдениеттанушылардың
 
пікірлері мен тұжырымдары баспасөз беттерінде, 
ұжымдық 
монографияларда 
ғылыми-публицистикалық 
тұрғыдан 
қарастырылған. Дегенмен қазақ ұлттық дәстүрлерінің кино өнеріндегі орны, 
оның рухани маңыздылығы ғылыми айналымға толық енген жоқ. 
Қазақ кинотану ғылымына қосатын үлесі зор болатын аталмыш 
диссертацияда орыс-кеңес ғалымдарының еңбектерімен бірге C.Қacқaбacoв 
[15], Б.Қоқымбаева [16], Х.Aрғынбаев [17], C.Кeнжeaхмeтұлы [18], Б.Аманов, 
А.Мұхамбетова [19], A.Төлeyбaeв [20], E.Тұрсынов [21], C.Aязбeкoва [22], 
E.Джeлбyлдин [23], А.Сейдімбек [24], К.Смайлов [14; 25], т.б. отандық 
тарихшылардың, әдебиеттанушылар мен кинотанушылардың іргелі зерттеулері 
қажетіне қарай қолданылды. Сондай-ақ, зерттеуге қажетті кейбір ақпараттар 
газет-журналдар мен киностудиялардың мұрағаттарынан алынды. Сол сияқты 
әр жылдарда түсіріліп, қазақ киносының алтын қорынан орын алған отандық 
көркемфильмдер ғылыми зерттеудің негізгі көзі ретінде пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет