1.Фигураның ауданы теріс емес сан.
2.Тең фигуралардың аудандары да тең.
3.Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
4. Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1-ге тең.
Фигура ауданының қасиеттері (аксиомалар).
Аудандары тең фигуралар тең фигуралар деп аталады. Егер екі фигураның бірін бөліктеріне бөліп, ол бөліктерден екінші фигураны құрауға болса, онда олар тең құрамдас фигуралар деп аталады. 102 суреттен көруге болады.
Теорема: Тіктөртбұрыштың ауданы оның іргелес екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.
Тіктөртбұрыштың іргелес екі қабырғасын a және b, ал ауданы S деп белгілейік. S=ab болады.
Теорема: Тіктөртбұрышты үшбұрыштың ауданы оның катеттерінің көбейтіндісінің жартысына тең (тіктөртбұрыштың диагоналі оны екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлетіндіктен) 104 сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |