ДӘРІС № 15 MICROSOFT EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР Жоспар Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар
Excel менюімен жұмыс атқару.
Ұяшықтардағы мәліметтер.
1. MICROSOFT EXCEL ПРОГРАММАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар. «Электрондық кесте» термині кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
Тиімді ету мәселелерін шешу.
Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу.
Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып тпбылады.
Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалунуға мұрсат береді. Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.
Элактрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатақ жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағалар саны 256-ға тең. Әр бір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді ( мәтін, сан, формула) енгзеді.