Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
Сан
Формула
Мәтін
Статистика (лат.status– жай-күй) –
білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;
қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик. қызмет саласы;
жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.
қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.
әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы
SPSS Statistics( «Statistical Package for the Social Sciences» ағл. аударылған - әлеуметтік ғылымдар үшін арналған статистикалық десте) – әлеуметтік ғылымдардағы қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін арналған коммерциялық статистикалық өнімдер облысы нарығындағы көшбасшылардің бірі болып саналады, статистикалық мәліметтерді өңдеуге арналған компьютерлік бағдарлама. SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, t - өлшемді есептеу, қос және жеке коррелляцияны шығару, бір- және көпфакторлық дисперстік талдау, сызықтық регресстік талдау, дискриминанттық талдау, факторлық талдау, иерархиялық кластерлік талдау және т.б.
Аталған рәсімдер келесі түрінде орындалады:
менюдың Analyze тарауында талдаудың қажетті типі таңдалады;
диалогтық терезеде өлшемдер енгізіледі;
нәтижелер Қорытынды навигаторында шығарылады. Бұл бағдарлама келесі мүмкіндіктерге ие
Мәліметтерді енгізу жіне сақтау.
Ø Әр түрлі типті айнамалыларды қолдану мүмкіндігі.
Ø Белгілер, кестелер, графиктер, ұштасқан кестелер, диаграммалар жиілігі.
Ø Алғашқы сипаттау статистикасы.
Ø Маркетингтік зерттеулер.
Ø Маркетингтік зерттеулердің мәліметтерін талдау.