Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. Түркі тілдеріндегі септік жалғаулар
2. Ілік септігінің қолданылу жолдары.
3. Етістік категориясы
№11 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Түркі тілдерінің есім тұлғаларының даму көрсеткіштері
2. Түркі тілдерінің Зат есім, сын есім, сан есім тұлғаларының тұлғалық көрсеткіштері
3. Түркі тілдерінің Есімдіктің мағыналық түрлерінің сапалық ерекшеліктері
Қазіргі тілдер ішінде осындай факт татар, башқұрт,т.б. тілдерде көбірек ұшырайды.Чуваш тілінде (бізде-бізінде), піряндек (бізден-бізінде), т.б.қазақ тілдерінде бұл сақталмаған.Тек бір ғана жағдайда байқалады: біздіңше,бізше.Мұнда да ілік жалғаусыз тұлға көбірек қолданылатынын айту керек.
Ілік жалғауы тұлғаның басқа септіктерге негіз болуын ілік жалғаудың тек есімдерге қолданылуынан іздеу керек.Басқа бірде-бір септік жалғауы мұндай шектеулі қолданыста болмайды:олар не екі (әрі есім, әрі септік) немесе тек қана етістікке қатысты айтылады.
Барыс септік түркі тілдерінде әр түрлі сипатта көрінеді. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын айту керек. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын барыс септік қосымшаларын өзара салыстырып келгенде, олардың барлығына негіз болған вариант деп –қа (-қе, -ға, -ге) вариантын айту керек. Қазақ тіліндегі –қа түркі тілдерінің бір сыпырасында, әсіресе Оңтүстік Шығыс тілдерінде –ға түрінде, яғни басқы дыбысы ұяғ болып айтылады. Әрине қазақ тілінде де осындай вариант бар, бірақ негізгісі –қа, ал –ға соның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады. Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша –ха, -хо; якут тілдерінде осылармен бірге –на түрінде айтылып қалыптасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу негізінен қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де –ға негізінен өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз тілінде де (Оңтүстік Батыс) барыс септік қосымшасы –а, -йа (кейде диалектілік ерекшелігі ретінде ғана) түрінде дыбысталады. Дегенмен оғыз тіліндегі немесе жалпы Оңтүстік Батыс тіліндегі –а, -йа варианттарын алдыңғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұндай варианттардың шығуы түркі тілдеріндегі дыбыстардың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы варианттар қолданылады, сонымен қатар –на (якут тіліндегідей) варианты айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |