Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет35/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Сына сөзінің анықтамасы.

2. Сына дауыссыздарынң ерекшлеіктері

3. С дауыссызының сына ретінде қолданылуы

9 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің есім тұлғаларының даму көрсеткіштері

2. Түркі тілдерінің Зат есім, сын есім, сан есім тұлғаларының тұлғалық көрсеткіштері

3. Түркі тілдерінің Есімдіктің мағыналық түрлерінің сапалық ерекшеліктері

Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. Ол ерекшелік түркі тілдері жүйелі жалғамалы (аглотинациялық) болып келетіндігіне және аглютинацияға байланысты сөз тұлғасы құрылыстың ерекшелігі, грамматикалық мағыналардың берілуінің ерекшелігіне барып ұштасады.

Қазіргі тіл білімінде аглютинация құбылысын жан- жақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қолйған жоқ. Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қилы анықтама берумен келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі аглютинативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағыналардың санына сөз құрамындағы грамматикалық көрсеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе- тең болып отырады. Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күрделенуі (көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске асады да, ондай құбылыс сөз формаларының іштей өзгеісі немесе ішкі флекция арқылы болмайды.

Осындай грамматикалық көрсеткіштер саны мен грамматикалық мағыналар санының сәйкестігін сақтауға құрылған сөз формасының қалыптасқан орны мен қызметі, мәні айқындалып, синтаксистік тіркеске ұқсас болып келеді. Аглютинатифтік тілдердегі сөз формасынынң бұл ерекшелігі кейбір зерттеулердің ол тілдерде грамматикалық мағыналар дербес сөздер арқылы берілген, грамматикалық форма атымен болмаған дейтін қорытынды жасауына мүмкіндік берді. Диафрондық тұрғыдан алғанда, аглютинативтік тілдегі жеке морфемалардың арғы тегінің сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді.

2. Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі: қазақ тілінде – алма (зат есім, алма, салма \етістік\ , салма \зат есім\, әзербайжан – ахшам (кеш), пара (қайда).

3. Грамматикалық мағына берудің тағы бір жолы – негіздердің қайталанып айтылуы. Бұған сын есімнің күшейтпелі түрі жатады. Бұл тәсілде қайталанған негіздердің бірі (көбіне алдыңғысы ) қысқарып, оған п, б, м, дыбысының біреуі қосылады. Бұл тәсілдің екінші түрі алдыңғы сыңардың сәл өзгертіліп айтылуы арқылы көрінеді: ат- мат, әзірбайжан ет- мет, т.б.

4. Түркі тілдеріндегі аналитикалық немесе перифрастикалық формалар, олардың грамматикалық мәндерін білдірудегі ерекшеліктердегі өз алдына тоқтауда қажет ететін мәселе. Аналитикалық немесе перифрастикалық формалардың грамматикалық мәнді білдіруді, басқа тәсілдермен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Мұнда, 1- ден, абстракты мән көмескі болып келеді де, көбінесе деректі әрекетке қосымша мән беру басым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет