Қолдардың позициясы.
Қолдардың позициясымен таныспас бұрын оқушыларға жоғарыға, төменге, алға және жанға қарай қозғалыс және осы бағыттардың айқындылықтары (мәнер) туралы түсініктерді айтып өткен жөн. Қолдар мағынасы және сипаты бойынша әртүрлі актерлік қимылдарды көрсетуге қызмет етіп қана қоймайды, ол сонымен бірге бидің техникалық мәнерлеп көрсетуі жөніндегі басты көмекшісі. Классикалық бидегі қолдардың позициясын классикалық бидің әдістемесі бойынша үйренеді.
Саусақтарды классикалық биде дұрыс және әсем топтастыру білекке көркемдік нысан береді.Саусақтар нәзіктікпен сүйірлендіріліп, үшінші саусақ пен бас бармақ бір-біріне жақын ұсталады – бас бармақ үшінші саусаққа тиер-тимес жағдайда болады.
Хореографтар қолдың дұрыс жағдайда болуы үшін көптеген әдістемелік құпияларды пайдаланады. Мысалы, кеңістікті қамту үшін I позицияда балаларға алдарыңда үлкен бір допты ұстап тұрғандай болып сезінуді ұсынады. Сол сияқты қолды стол үстіне қойғанда шынашақ пен шынтақ бір деңгейде тұрады, содан кейін қолды ауада, яғни алдыңа ұстап тұрасың. Саусақтарды дұрыс топтастыру үшін, қолдарды күштене алға созып, содан кейін бос ұстап, оларды жаю керек, осыдан кейін қайтадан бірге қосу қажет. Бас бармақты кезекпенен қалған саусақтармен жақындатып, бас бармақпен үшінші саусақтың қосылысын неғұрлым әсем жағдайда бөлек көрсету керек.
Қолдардың кез-келген қозғалысын дайындықты (әзірленген) қалыптан бастайды. Осындай жағдайда қолдарды қозғалыссыз төмен жіберіп, саусақтар сәл ғана иіліп, алақандар бір-біріне қарама-қарсы жағдайда ұсталады және қолдар денеден аздаған қашықтықта болады.
Қолдар I позицияда дөңгелектелген (жұмырланған) бастапқы қалпын сақтай отырып, кеудеден сәл ғана төмен, диафрагма деңгейінде мықыннан жоғары көтеріледі. I позициядан III позицияға, содан кейін II позицияны үйренеді.
III позицияда қолдар сопақша түрін сақтай отырып, алақандарды ішке қарай (өзіне) бұрып, бастың үстінде сопақша бейне жасап, жоғары көтеріледі.
Негізгі позициялардан басқа шағын позициялар да бар.
I шағын позиция қолдардың әзірлік қалпы мен I позиция арасында болады.
I шағын позиция II позиция мен әзірлік қалып аралығында.
Достарыңызбен бөлісу: |