Халықтық-сахналық бидің элементтері
Rond de jambe par terre
Жұмыс аяғын ұшымен еденге тіреп тұрып шеңбермен қозғалыс жасау, бір шетіне тоқтау немесе тақаның қырымен артқа қозғап, бір шетке тоқтау.
Оқытудың (үйретудің) бірінші сатысында қозғалыс табанды бұрмай істеледі және ол классикалық rond de jambe par terreдің бір түрі болып табылады.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы қалып- аяқтар I позицияда. Қолдар мықында. Жұмыс табанының өкшесі сырғымалы қозғалыспен алға өткізіледі (аяқтың ұшы жоғары көтерілген, алқымы барынша қысқартылған). Содан кейін сырғымалы қозғалыспен бір шетке өткізіліп, I позицияға қойылады. Қозғалыс басында тоқталулармен жүреді: такт-қозғалыс, такт-тоқтау, сосын бір тактіге бір қозғалыстан, бірге.
Тобықтан созылған аяқ басымен жасалатын шағын лақтырулар (ашық жағдайда алға бір жаққа, станокқа бүйірімен тұрып). Тобықтан бір шетке лақтыру және жұмыс аяғын бастапқы қалыпқа қайта әкелу.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- III позиция.
«Бір және» дегенде жұмыс аяғы бір шетке 300-қа шығарылады;
«Екі және» дегенде осы аяқ тізеден бүгіліп, сол аяқтың алдынан табанымен лақтырылып әкелінеді, жақындасқан кезде жартылай башпайларымен еденмен жанасады. Жұмыс аяғының табаны мен бұлшық еті бос ұсталады. Тірек аяғы созылып тұрады.
«Бір және» дегенде (екінші тактінің) осындай қимылмен жұмыс аяғы 300 жағдайына бір шетке қарап ашылады.
«Екі және» дегенде жұмыс аяғы жеңіл қозғалыспен тірек аяғының тобығына әкелінеді (артқы жағынан және тағы да 300 жағдайына шетке қарай ашылады).Бұл қимыл табанға күш түсіріп істемеу техникасын жаттықтырады. Қимылды бір қалыпты істеуге, өзіңнің салмағыңнан шайқала, яғни «маятник» қозғалысы сияқты істеуге қол жеткізген жөн.
Шағын лақтырулар (battement tendu) – би жаттығулар оқушылардың ұсақ және күшті қимыл-қозғалыстарды орындау қабілеттерін арттырады.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- аяқтар III позицияда, қолдар әзірлік жағдайында.
Бірінші ширекке қол I позицияға өтеді, екінші ширекке шетке қарай ашылады.Білезік алақанмен алға қараған. Үшінші ширекке қол жатық қимылмен шынтақтай белге жабылады, тірек аяғының өкшесі көтеріледі; төртінші ширек- үзіліс.
«Бір және» - тірек аяғының өкшесі еденге кілт (тез) қойылады. Тізесі бүгіңкі, жұмыс аяғы тізеден созыла түсіп, кенеттен алға 300 биіктігіне лақтырылады.
«Екі және»- жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, III позицияға алдыңғы жағынан барлық табанға немесе жартылай башпайларға тартылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізе бүгілген. Қимыл бүгілген аяқтарды дене тұрқын тіке ұстап істеседі, дене өкшені еденнен көтерген кезде көтерілмейді және өкшені еденге түскен кезде төмен түспеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |