Тїсіндірме жазба



бет7/98
Дата16.12.2021
өлшемі107,74 Kb.
#101944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98
Байланысты:
Реферат

Battements tendus – (толық емес айналым жағдайында) – бұл қозғалысты үйрену кезінде оқушылар айналымдылық, «жұмыс істейтін» және «тірек» аяқтары туралы түсінік алады.

Балаларға алдын-ала тұрқын (денесін) екі аяқтан бір аяққа-тірек аяғына ауыстыру техникасын көрсету қажет. Осы мақсатпен мынадай ойындық қозғалысына көшкен жөн. Балаларға еркін позицияға тұруды ұсынып, аяқтардың ұшымен су ішінде сияқты «бұлғап» шайқауды көрсету керек. Бұл ретте дене тұрқы еріксіз жұмыс істеп қозғалып тұрған аяқтан тірек қызметін атқарып тұрған аяққа ауысады. Осындай ойын қозғалысын орындағаннан кейін балаларға battement tendu қимылын орындау жеңіл болады.

Музыкалық өлшем – 2/4. Екпіні жәй. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, екі қол – әзірлік жағдайында.

Оң аяқты бірінші ширекке сырғымалы қозғалыспен аяқтың ұшын еденнен ажыратпай және аяқтың алқымы мен башпайларды созып, қажет бағытқа бейімдеу керек. Бұл кезде дене тұрқы салмағының орталығы тірек аяғына ауысады.

Екінші ширекке- бастапқы жағдайға қайта оралады.

Әрине жеті жастағы балаларға алғашқыда бұндай жаттығуларды орындау оңайға түспейді. Тіпті жетекші өзінің аяғының алқымы мен башпайларын созып, аяғын бұрып көрсетіп, түсіндіргеннің өзінде де бұл жаттығудың қиындық әкелері сөзсіз. Сондықтан да бұл міндетті дұрыстап түсіндіріп, ұғыну үшін көмекші әдіске жүгінген жөн. Әуелі балаларға жұдырықтарын жұмып, содан кейін босатуды ұсыну керек. Осы әдісті бірнеше рет қайталағаннан кейін оларға аяқтың алқымын созып, башпайларын еденге бағыттап, қолмен істеген жаттығу сияқты табанды босаңсытуды ұсынған жөн. Осының нәтижесінде балалар аяққа күш түскенін, бұлшық еттердің ширыққанын сезінеді, бұл хореографиядағы көптеген элементтерді орындап, меңгерген кезде болатын қажетті жағдай.

Demi-plie мен battements tendusдің үйренген элементтерін бекіту үшін менуэт стиліндегі қозғалысты орындауды ұсынамыз.

Музыкамен жетектеу- менуэт сипатында. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, қолдар-төмендетілген II позицияда жамбас бойында ұсталады.

Арт аяқта тұрған аяқ «бір» дегенде battement tendu көлбеу бағытымен орындайды (сол жаққа, алға). Сол қол жұмыс істеп тұрған сол жақ табанға қарай созылады.

«Екі» дегенде осы жағдай бекітіледі;

«Үш» дегенде бір мезетте demi-plieні орындап алға қарай III позицияда жабылады. Қол мен бас аздап төмен түсіріледі. Содан кейін осы қозғалысты арт жақтан III позицияда тұрған оң аяқ жасайды. Осы элементтерді кезектеп істеу ежелгі (көне) менуэт стилінде біріккен және үйлесімді қозғалыс жасап шығарады.

Балалардың осы элементтерді үйрену кезінде қуанышқа кенеліп, қанағат алатындықтары туралы сеніммен айтуға болады, өйткені олар осы элементтерден біртіндеп әдемі де шабыт берер бидің қалыптаса бастайтындығын көріп, сезінеді.



Pas degage - дайындық және байланысты қозғалыс.

Музыкалық өлшем бұрынғыдай. Бастапқы қалып – I позиция. Бұл қозғалыс балаларды тепе-теңдік сезіміне жаттықтырады, салмақ орталығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үйретеді.

Затакт –demi-plie. «Бір» дегенде оң аяқтың ұшын еденнен ажыратпай II позицияның бағытына бағыттайды және аздап бүкіл табан бойына төмендетіліп, дене тұрқының барлық салмағын өзіне аударады. Сол аяқ біртіндеп табанды еденнен ажыратып, battements tendus жағдайына көшеді, осыдан кейін бастапқы жағдайға оралады.

Pas degage сол сияқты оң және сол аяқтан алға және артқа орындалады. Алға және артқа қозғалысы кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшеге көтеріліп, IV позицияда қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет