Тарихи-тұрмыстық би
Бірінші (алғашқы) сабақтарда балаларға техника элементтері мен сауаттылық үйлесімі бар қозғалыстарды үйрету керек, сонымен бірге оқудың осы сатысында тарихи-тұрмыстық алғашқы жаттығулар процесінде алынған дағдыларды пайдалануға арналған қадам болып табылады, бұдан басқа ол белгілі бір деңгейде халықтық-сахналық және классикалық бидің негіздерін меңгеру үшін бишінің денесін әзірлейді.
Біз кіші топтың балалары үшін нағыз элементарлық би элементтерін береміз. Бал биінің қозғалыстары мен қолдар мен аяқтардың жағдайы классикалық билерге жақын болады, бірақ олардың өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Мысалы, бал биіндегі аяқтардың III,II,I және IV негізгі позициялары, IV позиция толық сақталатын реверанстардан басқасы өтпелі болып табылады (аяқтардың позициясы классикалықтарға ұқсас, дегенмен толық емес айналымдылық балаларға оларды меңгеруде жеңілірек болады).
Ескі тарихи-тұрмыстық билерде қолдар иықтардан төмен болады, II позициямен және әзірлік жағдайымен салыстырғанда шамамен 450.
По марше – (би адымы, жүру) – оның спорттық адымнан айырмашылығы,оң аяқтан бастап үйрену қажет. Қыздар етектерін ұстап, шынтақтарды шеңбер қылып немесе қолдары әзірлік жағдайы мен II позицияның арасында бастапқы жағдайда болады. Аяқтардың башпайлары адым жасағанда созылып бұрылуы қажет. Арқасын тік ұстайды. Басы сәл ғана кейін шалқайған.
Demi-plie – жартылай тізерлеу (тізею), әзірлік тобы толық емес айналым қозғалысы жағдайында істеледі, ол тарихи-тұрмыстық бидің негізгі элементтері.
Жаттығу. Музыкалық мөлшер – 2/4. Demi-plie аяқтардың I және II позицияларында үйренеді. Қолдар әзірлік жағдайында.
1 такт – тізе ию (тізе бүгу);
2 такт – жағдай бекітіледі (тізелер екі жаққа қараған, аяқ табандары еденнен ажырамайды);
3 такт – аяқтар жайлап түзетіле бастайды;
4 такт – осы жағдай бекітіледі. Бұл ретте demi-plie орындаған кезде өкшенің ішкі бөлігіне және аяқтың бас башпайына күш түсіріп «тірек» жасамауды қадағалау қажет және мүмкіндігінше тізелер екі жаққа бағытталуы тиіс. Demi-plie әрбір позицияда 4 реттен жеке-жеке орындалады. Содан кейін әрбір қозғалысқа екі тактіден бекітілместен бірге істеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |