Battement tendu– керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.
Battement tendu шетке қарай
Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокқа қарай тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы.
«Бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшені алға қарап шығарып, еденде табанмен II позицияға сырғып, еденнен біртіндеп өкшесін көтеріп, аяқтың ұшымен сырғи отырып, шеткі нүктеге жетеді және аяқтың толық созылып, тартылуына қол жеткізеді (тірек аяғының жағдайы сол күйінде қалады, дене салмағы тірек аяғына түседі, иықтар мен сандардың бірдейлігі сақталады);
Екінші екі ширекке – «үш және төрт және» сөздерінде жағдай бекітіледі;
Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғыған қозғалыспен I позицияға қайта оралады, сөйтіп, келесі екі ширек бойында жағдайды бекітіп отырады.
Даярлық тобында қозғалысты I позицияда жай жылдамдықпен үйреніп, орындауды ұсынады. 4/4 мөлшерінде әуелі екі такт, содан кейін қозғалысқа бір такт орындалады. Battement tenduді меңгергеннен кейін оны 2/4 мөлшерінде ширектер бойынша бір қалыпты орындап отырған жөн. Қозғалысты алға қарай өкше бастайды, артқа қарай аяқтың ұшы. Battement tenduді оқытудың барлық сатыларында неғұрлым күрделі комбинацияларды үйреніп, бекітеді. Осы қозғалыстағы жаттыққан дағдыларды бекіту тек классикалық билерде ғана емес, халықтық-сахналық би қозғалыстарында да көрініс табады. Battement tenduдің комбинациялары әртүрлі. Әрбір педагог оқу бағдарламаларын балалардың жас ерекшеліктерін, олардың үлгерімдерін есепке ала отырып, бұл қозғалыстарға нұсқалар енгізуі мүмкін. Басында battement tendu бір жаттығудағы бір қалыпта сегіз қозғалыспен үйретіледі. Содан кейін бағыттарды алғы жаққа, артқы жаққа «айқыштап» үйлестіріп жасайды; Оқу жылының соңында балалар қозғалыстарды ширектер бойынша жиі жылдамдықпен орындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |