Ыршып түсіп істелетін қадам. Оқушыларға таныс бұл қадам енді жаңа сипатқа ие болады, ол көп реттерде алға жасалған қозғалыс негізінде жұппен орындалады. Денесі біршама артқа шалқайған, аяқтары тізеден бүгілген, табандарын бос ұстайды, ыршып түскенде жұмыс аяғы бекітіліп, дене тұрқынының алдында тоқтайды.
3/4 бөлігі мөлшеріндегі сырғи өтіп кетумен жасалатын қадам.
«Бір» дегенде оң аяқпен жасалатын алғашқы қадамнан кейін жұмыс істейтін сол аяқ сырғымалы қозғалыс арқылы табандардың жұмсақ бөлігімен немесе өкшесімен тізені алға шығарады. Бұл мезетте тірек аяғы алға өтіп шығады. Дене тұрқы біршама артқа шалқайған.
Қозғалыс баяу соло жылдамдығында үйретіледі (балалардың қолдары белдерінде, қыздар етектерін ұстаған), содан кейін жұптасып билейді.
Достарыңызбен бөлісу: |