Ü Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту


Трансмайларды пайдалану салдары қандай?



бет4/5
Дата20.01.2022
өлшемі40,71 Kb.
#129554
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

Трансмайларды пайдалану салдары қандай?

– ДДСҰ трансмайларды пайдалану жүрек-қантамыр ауруларына, абдоминальды семіздікке, диабетке, Альцгеймер ауруына, кеуде ісігіне, репродуктивтік функциялардың бұзылуына, өт қабына тас байлануға әкелетінін атап айтады. Мысалы, тек 5 грамм трансмайды пайдаланудың өзі жүректің ишемиялық ауруының 3%-ға артуына әкеледі. Құрамында трансмайлары көп болатын рацион өлім-жітім қаупін 28%-ға арттырады. Ал сүт безі ісігі 40%-ға жиірек кездеседі.

Қазақстандағы жағдай қалай?

– Трансмайларды пайдалануды тоқтату адамдардың денсаулығын қорғаудың және сақтаудың басты шарты болып табылады. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, трансмайларды жалпы пайдалану калорияларды жалпы пайдаланудың 1%-ынан аспауы тиіс, бұл 2 000 калориядан тұратын рационда күніне 2,2 г. кем сәйкес келеді.

Республикада 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап май өнімдерінде майлы қышқылдар трансизомерлерінің болуы бойынша жаңа норматив күшіне енді. Май өнімдері бойынша Техникалық регламент (КО ТР 024/2011) талаптарына сәйкес, ол тағам өніміндегі жалпы май құрамының 2%-ынан аспауы тиіс. Құрамында трансмайы бар маргариндердің, спредтердің, майлардың және басқа да өнімдердің тұтынушылық орамында өнімнің май фазасында қаныққан майлы қышқылдардың және майлы қышқылдар трансизомерлердің жоғары құрамы туралы қосымша ақпараттың болуы тиіс. Алайда, кондитерлік бұйымдардағы (шоколад, торт, кәмпиттер, глазурь), сондай-ақ фаст-фудтағы, картоптағы, чипстардағы, попкорндағы трансмайлар нормаланбайды.

029/2012 «Тағам қоспаларына, иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарында балаларға арналған тағам өнімдерінде жасанды тағам қоспаларын қолдануға тыйым салынған. Қазақстан аумағында тағам өнімдерінің қауіпсіздігін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау органдары құзіреті шегінде шаралар қолданылатын нормативтік актілерінде және санитарлық қағидаларында, Кеден одағының техникалық регламенттерінде бақылайды.

2017 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру» жобасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының шеңберінде негізгі инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатері факторларын, оның ішінде халықтың тұзды, қантты, трансмайларды пайдалану деңгейін зерттеу бойынша жалпыұлттық зерттеу жүргізу жоспарланған.

Дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты нығайтуға жәрдемдесу мақсатында елімізде дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде, оның ішіне ДДСҰ-ның дұрыс тамақтанудың 12 қағидаты кіреді, тәулігіне 400 граммнан 700 граммға дейін көкөніс пен жеміс жеу, құрамында қант, тұз және май деңгейі жоғары тағам өнімдерінен бас тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет