3.1 Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі.
Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.
Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті.