Убайдуллаева Г. Ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінің аға оқытушысы, ф.ғ. к



Дата15.09.2017
өлшемі124,74 Kb.
#33429
Убайдуллаева Г.Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік универсиетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Оспанова Ф. А.

Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік универсиетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Резюме: В статье рассматривается этнолингвистический аспект межязыковых фразеологических соответствий. Также анализируется примеры казахского, английского и русского языков и их роль в языковой картине мира.

Кілт сөздер: танымдық тіл білімі, әлемнің тілдік бейнесі,тірек сөз, тілдік бейне, тұрақты тіркес, тура және ауыспалы мағына, когнитивизм, фразеологизм, ұлттық сипат т.б.

Аңдатпа: Мақалада фразеологизмдер ұлттық таным, когнитивтік лингвистика тұрғысынан сипатталады. Фразеологизмдердегі әлемнің тілдік бейнесі үш тіл (қазақ, ағылшын, орыс тілдері) деректерінен келтірілген мысалдармен салыстырылып, тірек сөз, тілдік бейне, метафоралық образдың ашылу жолдары сөз болады. Әр ұлттың тілінде, бейнелеу сөздер болатыны және сол бейнені беру үшін тірек сөздер қолданылатыны туралы айтылып, қазақ, ағылшын, орыс тілінен келтірілген мысалдар арқылы осы үш тілдің фразеологизмдеріндегі тілдің бейнелілігі салыстырылады.
ТІЛАРАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

Фразеологизмдер – тіл иесі халықтың (этностың) күллі дүние ғалам жайлы ұғым-түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл-тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де, әсерлі өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті – белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегеленіп бекітілуі. Міне, осы тұрғыдан алғанда, фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің сан алуан қырын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, эпикалық сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын т.б. толықтай танытатын тұрақты тілдік орамдар болып табылады. Фразеологизмдердің семантикасы негізінен адамды және оның іс-әрекетін сипаттауға бағытталатындықтан, олар қатысқан ғаламның тілдік бейнесінде антропоцентристік қасиет болмай қоймайды.

Фразеологизмдердің образдылығында, метафоралы ауыспалы мағынада қолданылуында, компонеттер құрамында, жалпы ұғымдық тұтастығында халықтың сан ғасырлық іс-тәжірибесінің рухани бітім-болмысының белгілерін жинақтаған ішкі құрылым болады. Бұл ішкі құрылымның пайда болуы туралы В.А.Маслова былай дейді: «Ең алдымен фразеологизмнің негізінде жатқан еркін тіркестің тура мағынасына сәйкес келетін қандай да бір жағдаят болады. Оған мән беріледі, мағына жүктеледі. мазмұн бекіледі. Осы мән, мағына, мазмұн келесі бір ұғым түсінікті білдіру үшін қайыра ой сүзгісінен өтіп, тура мағыналы еркін тіркес ауыс мағынада қолданыла бастайды, яғни о бастағы нақты жағдаятты білдірген еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздердің алғашқы біріншілік мағыналарына негізделіп фразеологизмнің образы қалыптасады. Алғашқы бірінші мағына ауыс мағынада қолданылатын фразеологизмнің бойынан мүлдем жойылып кетпейді, қайтсе де образда өз ізін қалдырады»(1,9 ).

Әр халық әр сөзді өзінше қабылдайды, әр ұлттың өзіндік наным-сенімдері болады. Біз қарастырғалы отырған қазақ, ағылшын, орыс тілдері арасындағы ұлттық танымдық байланыс, әсіресе, фразеологизмдерден көрінеді. Тіліміздегі фразеологизмдер халықтың өзімен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан көне дүниелер. Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды (2,33). Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс -әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Сұлу-сұлу емес сүйген сұлу т.б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақалдардың фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырым оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мысалы, құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады, дегенде біз құстың ұшып-қонуын ойламаймыз, ең алдымен адам туралы, күнделікті өмір тіршілік туралы ойлаймыз. Фразеологизмдердегі сөздің ауыс мағынасы затқа тікелей бағышталмайды, басқа заттар арқылы соған салыстырма ретінде қолданылады. Сонымен қатар фразеологизмдерде қолданылған сөздердің тура және ауыс мағыналары әр халықтың өзінің ұлттық танымына байланысты болады.

Әлемнің тілдік бейнесі деп белгілі концептілердің жүйелі де кешенді жиынтығын айтамыз. Ұлттың, адамның тіршілігі, өмірі, шаруашылығы, эстетикалық талғамы, мифологиялық, діни, этикалық ұғымдары, әлеуметтік тәжірибесі тіл айналасында, яғни лексикалық қорда, фразелогиялық оралымдарда тайға таңба басқандай өшпес өз ізін қалдырады. Ол іздер тек тілдік іздер емес, сонымен қатар таным іздері де бар.

Ал фразеологизмдерді ұлттық таным тұрғысынан алып әлемнің ұлттық тілдік бейнесін зерттейтін болсақ, тілдің фразеологиялық қабатында әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі, мінез-құлқы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жақсы сақталғанын көруге болады. Төмендегі фразеологизмдердің қазақша, ағылшынша, орысша нұсқаларының салыстырылған қатарын қарастырып көрелік.



  1. Қыс азығын жаз жина.

Prepare your cart in Desember; in july your sledge remember.

  1. Көзден кетсе, көңілден де кетеді.

Far from eyer, far from heart.

Out of said, out of mind.



  1. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

Speech is silver, silence is gold.

  1. Айтылған сөз, атылған оқпен тең.

Words are not birds – out you let them, and back you never get them.

Слов – не воробей, вылетит – не поймаешь.



  1. Ескі дос есіңнен кетпес,

Жаңа дос қадіріңе жетпес.

Old frends are dearer than new ones.



  1. Адам тілінен табады,

Сиыр мүйізінен табады.

My tongue is my enemy.



  1. Ештен кеш жақсы.

A) Better late than never. B) But beter late than never.

  1. Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Habit is second nature.

  1. Бойына қарап, күтіп ал,

Ойына қарап, шығарып сал.

Never jurge a book, by it’s cover.

По одежде встречают,

По уму провожают.



  1. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

First think, then speak.

Think today, speak tomorrow.



  1. а) Уақыт – алтын. б) Уақыт – алтыннан да қымбат.

Time is money.

  1. Ғалымның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

Art is long, life is short.



  1. Сақтықта қорлық жоқ.

If man life in the glass house he don’t play.

  1. Қайғының қандай екенін

Қайғырғанда білерсің.

Қарындастың қандай екенін,

Айрылғанда білерсің.

You will know the value of money, when you take the credit bu your velative.



  1. Бір бастан, екі бас артық.

A) Two heads are better than one.

B) Four eyes see mjre than two. (Төрт көз екі көзге қарағанда көбірек көреді.)

Ум хорошо, а два лучше.

Одна голова хороша, а две лучше.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.


  1. Кеш келгенге, мүжілген сүйек.

First come, first served. (сөзбе-сөз аударсақ, бірінші келгенге, алғашқы құрмет.)

  1. Құсты ұшқанынан тануға болады.

A bird may by known bu it’s song.

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

A cock is valiant on his own dunghill. Cock – қораз, қазақшасында балықшы (Әр балықшы өз балшығында ұлы.)



  1. Жақсы бастама – істің жартысы.

A good beginning is half the battle.

  1. Бақыт кіммен дос, адамдар да сонымен дос.

He that has a full purse never wanted a friend.

  1. Жақсыдан жаман туады.

Many a good father hath but a bad son.

(Сөзбе-сөз: Көптеген жақсы әкенің балалары жаман болады.)

  1. Сөз сүйектен өтер.

Many words hurt more than swords.

(Қазақшасында сүйек сөзі келтірілсе, ағылшыншасында swords – қылыш сөзі келтірілген).

  1. Досына қарап өзін таны.

You know a man by his friends.

  1. а) Тәуекел тау жығар.б) Ерлік қамал бұзар.

Fortune favours the brave.

Смелость города берет.



  1. Қалауын тапса, қар жанар.

Nothing is impossible to a willing heart.

  1. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Unity is the important thing in every socielty.

  1. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – күйерсің

Don’t play with water – you’ll drown

Don’t play with a fire – you’ll ged burned.


  1. Төзе алмасаң бейнетке,

Қолың жетпес зейнетке.

No sweet without sweat.



  1. Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

A stick pierces the body

A word pierces the tone.

Many words hurt more than swords.



  1. Күш – білімде,

Білім – кітапта.

Power is in knowledge

Knowledge is in tooks.


  1. Не ексең, соны орасың.

As you make your bed, so you must lie on it.

  1. Мал аласы – сыртында,

Адам аласы – ішінде.

Appearances are deceitful.

Внешность обманчиво.


  1. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. (жел)

There is no smoke without fire. (шылым)

Нет дыма без огня. (от)



  1. Дүние кезек, терме тезек.

Every dog has its day.

Қазақ тілінде ата мен бота, ал ағылшын тілінде ит семалары тірек сөз болып тұр.



  1. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

The rotten apple injures its neighbours. (сөзбе-сөз: шіріген алма көршілерін (neighbours) бүлдіреді.

Паршивая овца все стадо портит.



  1. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

I bird in the hand is worth two in the bush.

Лучше синица в руках, чем журавль в небе.



  1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Second thoughts are best. (сөзбе-сөз: екінші рет ойланған жақсы.)

Семь раз отмерь, один раз отрежь.



  1. Мал семізі күзде,

Дос адалы түзде белгілі.

Don’t count your chickens before they are hatched.

Цыплят по осени считают.

Фразеологиялық қабаттың басым көпшілігі сөйлеу құбылысының болмысына қарай отыра, адамның, яғни белгілі бір ұлттың өзі тіршілік ететін, соған бейімделетін қоршаған табиғат әлемі туралы мағлұматтарға бой салуынан пайда болады. Мәселен, «жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» деген қазақ мақалында тірек сөз ретінде жел сөзі қолданылған. Ал ағылшын тілінде түтін («there is no smoke without fire»), орыс тілінде от («нет дыма без огня») сөзі қолданылғандығын көреміз.

Көптеген фразеологизмдерің сөз астарында халықтың тұрмысымен, шаруашылығымен байланысты когнитивизм байқалады. Мәселен, көшпелі мәдениеттің өркениетін меңгерген қазақ халқында мал шаруашылығы кеңінен дамығандықтан қазақ тіліндегі фразеологизмдерде түйе, қой, өгіз, бұзау т.с.с. мал атаулары жиі кездеседі. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық. Бұл мақал ағылшын тілінде i bird in the hand is worth two in the bush деп, ойдағы екі құстан, қолдағы бір құс артық деген мағынада құс сөзі ғана қолданылады. Ал орыс тілінде лучше синица в руках, чем журавль в небе деп құстың синица, журавль деген атаулары нақты көрсетілген.

Сол сияқты «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мақал ағылшын тілінде «the rotten apple injures its neighbours деп беріледі екен. Сөзбе-сөз аударсақ: шіріген алма көршілерін (neighbours) бүлдіреді. Яғни, құмалақ сөзінің орнына алма сөзі қолданылған. Ал орыс тілінде «паршивая овца все стадо портит». Мұнан нені байқаймыз? Территориялық жағынан Ресей мен Қазақстан – ежелден көршілес ел. Сондықтан, халықтың өзара араласуы, тілдік, ғұрыптық ауыс-түйіс пен ұқсастықтың орын алуы – заңды құбылыс. Екі тілдің фразеологизмдеріндегі тірек сөздер де көбіне жуық, мәндес сөздерден тұрады.



Қойшы көп болса, қой арам өледі.

Great cry and little wool. (Сөзбе-сөз: бақташысы зор болса, қойы арық.)

Әр ұлтта өмірдегі нақтылы заттарға, тіршілік иелеріне, құбылыстарға есім беруі, яғни, ат қойып, айдар тағуы сол елдің өз таным-түйсігіндегі қабылдауымен тікелей байланысты болып келеді. Мәселен,

Сөз сүйектен өтер.

Many words hurt more than swords.

(Қазақшасында сүйек сөзі келтірілсе, ағылшыншасында swords – қылыш сөзі келтірілген).

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

A cock is valiant on his own dunghill. Cock – қораз сөзі келтірілген.

Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаҺандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет, тіл мен философия білімінінің сабақтастығын анықтаудағы маңызы зор. Оның нақтылы көрінісі – ұлттық тілдегі халықтың мәдени құндылықтарының дүниетанымының бейнеленуі. Кез келген тілдегі ғаламның бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланысты болады. Әртүрлі халықтардың әлемге көзқарасының өзгешелігі бар. Әр халықтың менталитеті әр түрлі. Ал менталитетті адамдардың нақты ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесінен бөліп қарай алмаймыз. Менталитеттің негізінде халықтың болмысымен, өмір сүру тәсілімен, негізгі шаруашылығымен байланысты, солардан туындайтын дүниетанымы жатыр. Халықтың болмысы, тұрмыс-тіршілігі дүниетанымына, әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің қалыптасуына әсер етеді.

Қазақ халқы дала кеңістігінің, әрбір көріністің, іс-әрекеттің, мінез-құлықтың түйінді жағын анықтауға мән берген. Олар өз тілінде табиғи және көшпелі әлеуметтік өмірін тікелей бейнелеп беруге әуестенді, дүниенің құрылымын әр деңгейде саралады. Оларды тілдің ең бай қабаты фразеологизмдер қойнауына сақтады. Сондықтан қандай бір тіл болмасын оның фразеологиялық қабаты, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері терең зерттеуді қажет ететін сала болып танылады. Ал оларды туыстас немесе әр тектес тілдердің фразеологизмдерімен салыстыра зерттеу ісі тіл білімінің тарихын өте мол жаңалықтармен толықтырары сөзсіз.

Жалпы салыстыра келгенде өркениеттің негізі шығармашылық пен өмір, сондықтан оның ерекшелігі осы шығармашылық пен өмірге байланысты. Тіл-тілдегі фразеологизмдер – ұлт өркениетінің басты негіздерінің бірі, яғни фразеологиялық қабат арқылы халықтың өркениеті, дүниетанымы танылады. Қазақ, ағылшын, орыс фразеологизмдерінің басты ортақ белгілерінің бірі – рухани өркениетінің бейнесін көрсетуінде. Бұл өркениет ерінбей, жалықпай білім іздеуге үндейді. Өйткені, білім – баға жетпес қазына. Қазақ халқы «білім – қуат» десе, ағылшында «knowledge power» деп, ал орыс тілінде «знание - сила» деп айтылады екен. Сол сияқты «Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді» деген фразеологизм ағылшын тілінде «Art is long, life is short» деп беріледі. Ал «Кеңісіп пішкен тон келте болмас» – «Two heads are better than one» – «Одна голова хороша, а две лучше».

Көптеген фразеологизмдерің сөз астарында халықтың тұрмысымен, шаруашылығымен байланысты когнитивизм байқалады. Мәселен, көшпелі мәдениеттің өркениетін меңгерген қазақ халқында мал шаруашылығы кеңінен дамығандықтан қазақ тіліндегі фразеологизмдерде түйе, қой, өгіз, бұзау т.с.с. мал атаулары жиі кездеседі. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық. Бұл мақал ағылшын тілінде a bird in the hand is worth two in the bush деп, ойдағы екі құстан, қолдағы бір құс артық деген мағынада құс сөзі ғана қолданылады. Ал орыс тілінде лучше синица в руках, чем журавль в небе деп құстың синица, журавль деген атаулары нақты көрсетілген.



Қорыта айтқанда, қазақ-ағылшын-орыс тілдеріндегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу арқылы біз қазақ, ағылшын, орыс халықтарының мінез-құлық, этикасы мен дүниетанымынан аз ғана хабар бердік деп айта аламыз. Мұнан басқа терең зерттеуге арқау боларлық мәселе өте көп. Бірақ қаралған мәселелерден біз қазақ, ағылшын, орыс халықтарының және олар жасаған өркениеттің ұлылығынан хабардар болдық және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқадық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику / В.А.Маслова. – Москва: Наука, 2004. – 296 стр.

  2. Қайдар Ә. Халық даналығы. – / Ә.Қайдар.- Алматы: Санат, 2004. – 207 бет.

  3. Смағұлова А. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері. – / А.Смағұлова. – Алматы: Ғылым, 1998.–143бет.

  4. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. / Ж. Манкеева.// Тілтаным, 2001, № 4. – 39-43 бб.

  5. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы / Э.Н.Оразалиева. – Алматы: Ан Арыс.–2007. – 312 бет.

  6. Саткенова Ж. Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі. / Ж. Саткенова.// ҚазҰУ Хабаршысы. Филол.сериясы. № 4(94).2006. 201-204 бб.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет