Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет121/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Сутегі атомының Бор теориясы 
Бор постулаттары. Бор постулаттарының жарықтың кванттық теориясымен 
байланысы. Атомдарда дискретті энергетикалық деңгейлердің болатынын 
дәлелдейтін және қоздыру мен иондау потенциалын анықтайтын Франк-Герц 
тәжірибесі. Бальмер формуласы мен Бордың жиіліктер шартының арасындағы 
байланыс. Сутегі атомының спектрі мен энергия деңгейлері. Электронның Бор 
радиусы мен жылдамдығы формуласының қорытылуы. Сутегі атомының ішкі 
энергиясының мәні. Қозғалыс мөлшерінің моменті. Атомдағы электронның 
магнит моменті.
Микробөлшектердің толқындық қасиеттері
Бор теориясының кемшіліктері. Де-Бройль гипотезасы. Энергия 
деңгейлері мен орбиталардың орнықтылығы. Бас және азимуталды кванттық 
сандар. Бор теориясы атом туралы мағмұлаттың дамуының келесі кезеңі. 
Бөлшектердің 
толқындық 
табиғатының 
эксперименталды 
расталуы. 
Кристалдардан 
электрондардың 
шағылуын 
көрсететін 
тәжірибе. 
Кристалдардың дифракциясы тәжірибесіндегі материалдық бөлшектердің 
толқын ұзындығын анықтау. Поликристалл үлдірдегі бөлшектердің 
дифракциясы. Кристалл пластинкалардағы электрондардың шашырауымен 
жасалған Дэвиссон-Джермер тәжірибесі. Металл фольгадан электрондық 
шоқтың өтуімен жасалған Томсон және Тартаковский тәжірибесі. Штерн 
тәжірибесі. 
Кванттық механиканың негізгі теңдеулері
Кванттық механиканың негізгі теңдеуі – Шредингер теңдеуі. 
Электронның толқындық функциясы және оның физикалық мағынасы. 
Ықтималдық тығыздығы. Шредингердің уақытқа тәуелді теңдеуі. Стационар 
күйлер үшін Шредингер теңдеуі. Микробөлшектердің квантмеханикалық 
сипатталуы. 
Гейзенбергтің 
анықталмағандық 
қатынасы. 
Толқындық 
функцияның қасиеттері. Энергияның квантталуы. Нормалау шарты. Шексіз 
терең бірөлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек. Бөлшектің бөгеттен өтуі 
(туннельдік эффект). Шредингер теңдеуіндегі айнымалыларды бөлу.
Толқындық функцияның бұрыштық бөлігін шешу. Толқындық функцияның 
радиалды бөлігін шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет