ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалынан өсімдіктердің морфологиялық талдауымен танысу, сипаттама беру. Сарғалдақ тұқымдасының гүлдеріне морфологиялық талдау жүргізу. Лалагүлділер тұқымдасының гүлдеріне морфологиялық талдау жүргізу.
Гербарий экземплярлары бойынша 2-3 гүлді өсімдікке морфологиялық сипаттама бер. Талдауды мына жоспар бойынша жаз.
Гүлдің морфологиялық сипаттамасы
Гүл – дара гүл (жапырақ қолтығында немесе бұтақтың басында орналасқан) немесе гүл шоғыры.
Гүл – бір үйлік, қос жынысты: дұрыс (актиноморфты), бұрыс (зигоморфты).
Гүл шоғыры – анықталмаған немесе анықталған (олардың ішінде қандай түрлері).
Гүл жапырақшалары – көлемі, пішіні, түсі.
Гүл серігі – қос немесе дара (күлтелі немесе тостағаншалы), біріккен гүлсерікті немесе дара, қанша тостағанша немесе желек бар.
Гүл серігі – 1). Тостағанша (К) – дұрыс, бұрыс, біріккен жапырақты, дара, жай, күрделі, неге тостағанша бар, бүктелген бе, жылтыр ма, түсі.
2). Күлте (С) – дұрыс, бұрыс, дара немесе біріккен желекті неше желегі бар, түсі.
Андроцей (А) – аталық саны, биіктігі бірдей немесе әртүрлі, бірігіп өскен немесе дара, қалай біріккен, желекке қарағанда қалай орналасқан.
Гинецей (Д) – дара өскен (апокарпный), бірігіп өскен (синкарпный), аналықтың мойынының, аузының сандары, түйіннің түрлері, түйіннің ұясының, тұқымбүрінің саны. Гүл диаграммасының суретін сал, формуласын жаз.
Жеміс – құрғақ, шырынды, қақырайтын, қақырамайтын жеміс түрлері.
Тұқым, оның пішіні мен көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |