Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет127/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171
Ұрықтану
Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық пен аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын – жұмыртқа клеткасы деп атайды. Тозаңның клеткасының біреуі, аналықтың аузына түсіп, экзиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Кейде мұндай түтіктің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Онда генеративтік клетканың бөлінуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі. Тозаң түтігі аналық аузы мен мойынының борпылдақ ұлпасын жарып өтіп, гүл түйініне қарай өседі, одан әрі тозаң тесігі арқылы тұқым бүршігіне өтеді немесе жабындықтарды жарып өтіп ұрық қалтасымен тікелей түйіседі. Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Ол жұмыртқа клеткасына жеткен соң жарылады нәтижесінде одан спермиялар босап шығады. Оның біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып зигта түзеді, ал екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен (2n) қосылып триплоидты клетка түзеді. Осылайша қосарланып ұрықтану жүреді. Ол тек жабық тұқымды өсімдіктерге тән.
Қосарланып ұрықтануды алғашқы рет белгілі орыс ғалымы, академик С.Г.Навашин ашқан.
Қосарланып ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық (2n), триплоидты клеткадан эндосперм, интегументтерден спермодерма, ал бүкіл тұқым бүршігінен дән пайда болады. Серіктік клеткалары мен антиподтары әдетте еріп кетеді, ал нуцеллус ұрық түзілген кезде, қор заты ретінде пайдаланылады, сиректеу ол қор жинайтын ұлпаға – периспермге айналады.
Апомиксис
Апомиксис деп ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз пайда болуын айтады. Апомиксис құбылысы қос және дара жарнақты өсімдіктерде кездеседі. Олардың ішінде, әсіресе эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген топтарда, мысалы, астық тұқымдасында, сарғалдақтар тұқымдасында жиірек кездеседі.
Апомиксистің көптеген варианттары бар. Тұрақты апомиксисте ұрық қалтасы диплоидты және ұрық жұмыртқа клеткасынан, ұрық қалтасының жұмыртқа клеткасынан басқа кез-келген клеткасынан, нуцеллустың, интегументтің, халазаның клеткасынан пайда болуы мүмкін. Апоспориялы ұрық қалтасы, дұрыс жетіліп қалыптасқан ұрық қалтасы секілді. Әдетте 8-ядролы болады, бірақ олардың полярлылығы бұзылады және әртүрлі ауытқушылықтарға ұшырайды. Апоспория мен полиэмброния байланысты болады. Қосымша ұрықтар лимонда және де басқа да цитрус тектестерге жататын өсімдіктерде жиі кездеседі.
Кейде апомиксиске гүлді алмастыратын пиязшықтарды немесе басқа да вегетативтік көбеюге арналған құрылымдарды жатқызады.
Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айырылады, яғни дегенерацияға ұшырайды, ал тозаң қабы редукцияға ұшырайды. Табиғатта осындай морфологиялық ауытқушылықтарғаұшыраған өсімдіктерді анықтаудың “анатомоморфологиялық” тәсілі осыған негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет