Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет167/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171
Күрделі гүлшоғы.

1. Рацемозды күрделі гүл шоқтары:
а. Қосарлы шашақ гүл.

Гүлшоғының ұзарған, моноподийлі басты осінде шашақ гүл орналасады.

Бұршақ тұқымдастар өкілдерінде.

б. Күрделі шатыр гүл

Гүлшоғының қысқарған басты осінде ұзындықтары біркелкі, екінші реттегі осьтерде жай шатыр гүлдері болады. Мұндай жай шатыр гүлшоғының жеке гүл сағақтарындағы гүлдің орнына бірнеше гүл сағақшалары шоқты өсіп, дамып, олардың ұштарында өз гүлдері болады.

Шатырша гүлдер өкілдерінде.

г. Күрделі масақ

Көптеген астық тұқымдастарында күрделі масақ гүлшоғы болады. Бұл жағдайда, ұзарған басты осьте жай масақтар орналасады.

Бидайда, қара бидайда арпада, т.б.

д. Сыпыртқы гүл

Қосарлы шашақ гүл шоғына қарағанда, сыпыртқы гүлшоғының төменгі гүл шоқтары жоғарыдағылардан жақсы дамып, күшті тармақталған.

Сиреньде, шетенде (рябина), шәңкіште (калина), лабазникте.

2. Цимозды күрделі гүл шоқтары:
а. Дихазий

Цимозды гүл шоғының ішіндегі ең қарапайымы. Дихазийда гүлмен бітетін әрбір осьтен келесі реттің екі осі шығып отырады. Мұнда жаңа осьтер аналық осьтің жоғарғы бөлігінде пайда болады.

Қалампырда (гвоздика), төнге жапырақта (манжетка), т.б.

б. Монохазий

Жалғыз сәулелі, анықталған гүл шоғы деп те аталады. Гүлшоғында алғашқы гүл, осьтің ұшында орналасып, оның төменгі жағынан екінші ось дамиды да, ұшынан өзінше гүл қалыптасады.

Ирек гүлшоғы (гравилатта, гладиолуста).
Бұйра гүлшоғы (майтамырда, балшытырда).

г. Плейохазий

Көп сәулелі анықталған гүл шоғы деп атайды. Мұнда әрбір аналық осьті бір, екі немесе шоқтанып орналасқан көп жанама осьтер алмастырады.

Сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда.



Жемістер



Жемістің түрлері

Қысқаша сипаттамасы

Зерттеуге арналған өсімдіктер

1

2

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет