Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы


Түтіктер (трахеи) және трахеидтер



бет85/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   171
Түтіктер (трахеи) және трахеидтер. Бұлар өткізгіш ұлпалар, олар арқылы су мен минеральдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
Түтіктер (трахеи) – бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикальды клеткаларының қатарынан бөлінеді. Олардың клеткаларының бүйірлік қабықшалары қалыңдап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфорация) болады. Түтіктердің орташа ұзындығы 10 см.
Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрылым, бірақ олардан айырмашылығы сол, бұлар трубалар емес, прозенхималық клеткалар. Мұндай клеткалардың қабықшаларында шеттері жиектелген (көмкерілген) саңлаулар болады. Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм-дей болады.
Қабықшаларының қалыңдауының формаларына қарай түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральды, торлы және тағы басқаша болып келеді. Сақиналы және спиральды түтіктердің диаметрі үлкен болмайды. Олар жас органдарға тән, өйткені бұлардың қабықшаларының сүректенбеген бөліктері болады және созылуға қабілеті келеді. Торлы және нүктелі түтіктердің диаметрі біршама үлкен және қабықшалары толығымен сүректенген болып келеді. Олар әдетте камбийден сақиналы және спиральды түтіктерден кейін пайда болады. Түтіктер мен трахеидтер, сонымен бірге теріктікте қызмет атқарады. Олар айналасындағы тірі паренхималық клеткалардың өсінділерімен толық жабылғанға дейін бірнеше жыл өмір сүреді. Тірі паренхималық клеткалардың түтіктің қуысына, оның қабырғаларындағы саңлаулар арқылы өтетін өсінділерін тилла деп атайды. Тилла өсе келе түтіктің қуысын, мүлдем ешнәрсе өтпейтіндей етіп, жауып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет