Қақырайтын жемістер (129 - сурет)
Топтама жеміс (листовка) және күрделі топтама жеміс (сборная листовка)
|
Апокарпты бір жеміс жапырағынан пайда болған, бір ұялы және көп тұқымды, бауыр жағындағы жігінен (тігісінен) қақырайтын құрғақ жеміс. Күрделі топтаманың айырмашылығы, ол апокарпты бірнеше жеміс жапырағынан пайда болады.
|
Егістік тегеурінгүл, сарғалдақ, қара уқорғасын, тобылғы, қазоты шөмішгүл, дамаск соданасы
|
Бұршақбас (боб)
|
Бір ұялы, бір жеміс жапырақшасынан пайда болған. Арқа және бауыр жіктерінен қақырайды. Бұршақ-бастар төмендегідей бола алады: серппелі ширатылған
көпіршіктәрізді торсылдақ
бір тұқымды, жаңғақ тәрізді
бунақты.
|
Егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бұршақ
Кәдімгі жоңышқа
Датган астрагалы, торсылдақ астрагал
Жабайы беде, құм эспарцеті
Мия
|
Бұршаққын
|
Екі ұялы, екі жеміс жапырақшасынан пайда болағн, көп тұқымды.
Тұқымдары ортасындағы ұзына бойғы қалтарысқа бекінген. Арқа және буыр тегістері арқылы қақырайды. Ұзындығы көлденеңінен 4 есе және одан көп артық
|
Крестгүлділер тұқымдасына тән: қырық-қабат (капуста), қыша, рапс, шалқан және т.б.
|
Бунақты бұршаққын
|
Бунақтарға бөлінеді
|
Жабайы шомыр
|
Бұршаққынша
|
Ұзындығы көлденеңінен шамалы ғана артық, кейде тең
|
Жұмыршақ, егістік қанатжеміс (ярутка), жаздық арыш (рыжик яровой)
|
Қауашақ
|
Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болған. Қауашақтың қақырау тәсілдері әр түрлі
|
Қарамықша, көкнәрлер, жолжелкен, меңдуана
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |