Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері



бет15/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

  • орындықта түзу отырмау;

  • жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;

  • көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

  • сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.
Кеуде қуысының қанқасы - кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі - бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет