Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет50/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

3. Қанның пішінді элементтеріЭритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалындығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады." Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин курделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және
г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглоб и н г е айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен оттегі пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқьш газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол С02 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғаңда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.
Эритроциттер қан плазмасының осмостық қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан азмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан аз шамасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады.
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. Эритроциттердің т ұ н у ж ы л д а м д ы ғ ы ( ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.
Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; 6) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1 мм3қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 ммқаңда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млн, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бүл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.
Эритроциттердің құрамыңдағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобиңді 100 % деп алсақ, жаңа туған сәбидің қанындағы гемоглобин 140-145% болады яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен бірге сөбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сөбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қарқынды өтуіне мүмкіндік береді.
Екі-үш жастың арасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/імкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %, 3 жаста қайтадан 100 % дейін көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады.
Эиртроциттердің түну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің түну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды.
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда жөне басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бүл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәңді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.
Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады . Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, ұйқы ) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттерді соғысқа кірейін деп тұрған майданнан кейін неше адам қалары белгісіз әскерлер тобымен салыстыруға болады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп түрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцит арлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас қорыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлық формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғнй ересек адамдай болады. Дегенмен айта кетерлік жай: 1 жастан кейін нейтрофилдердің жалпы саны кебейіп, лимфоциттердің жөне лейкоциттердің жалпы саны азаяды. Нейтройилдердің санының лимфоциттерден басым болуы әр зерттеушінің еңбегінде әртүрлі жазылған. Кейбіреулер 3 жастан, кейбіреулер 5 жастан деп жазыпты. Бұл айырмашылық әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерінің нәтижесіне байланысты болса керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет