Учебно-методический комплекс Пән: Биология. Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі» Специаность



бет5/7
Дата13.03.2023
өлшемі41,72 Kb.
#172056
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
22.-Дигибридті-будандастыру

Пеннет торы
Әр түрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р.Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейіннен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық және аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жазылады. Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.
Ғ9 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы мынадай 9:3:3:1 сандар қатынасында болған. Сонда 9 өсімдіктің тұқымы сары, тегіс; 3 өсімдіктің тұқымы сары, бұдыр; 3 өсімдіктің тұқымы жасыл, тегіс; 1 өсімдіктің тұқымы жасыл, бұдыр болған. Дигибридті будандастыруда Ғ2 кезінде генотип бойынша ажырауы (1:2:1:2:4:2:1:2:1) белгілердің екі жұбының әрқайсысының 1:2:1 қатынасында ажырауын көрсетеді.
Мендель Грегор Иоганн
Мендель дигибридті будандастыру кезіндегі екінші ұрпақта белгілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауын сараптай келе белгілердің тәуелсіз ажырау заңын тұжырымдады. Бұл заңда "будандастыру жағдайында жұп қарама-қарсы белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және әр жұп белгілердің ажырауы 3:1 қатынасында жүреді" делінген.
Екі және одан көп қарама-қарсы жұп белгілері бойынша гетерозиготалы екі дараларды будандастырғанда, гендер және олар анықтайтын белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және мүмкін болғанша үйлесімдер түзе алады. Енді әр жұп белгінің тұқым қуалау ерекшелігін көрейік. Тұқымның түсі бойынша қарасақ, онда алынған 16 өсімдіктің ішінде сары тұқымды 9 + 3 = 12 бөлікті, ал жасыл тұқымды 3 + 1 = 4 бөлікті құрайды. Сонда сары тұқымды өсімдікпен жасыл тұқымды өсімдіктің ара қатынасы 12:4 немесе 3:1 тең болады. бұл моногибридті будандастырудағы белгілердің ажырауын көрсетіп тұр. Егер тұқымдардың пішіні бойынша алсақ, онда тегіс пішінділері 9+3=12 бөлікті, ал бұдыр пішінділері 3+1=4 бөлікті құрайды. Тұқымның пішіні бойынша белгілер 12:4 немесе 3:1 қатынасында ажырайды. Сонымен дигибридті будандастыруды екі моногибридті будандастырудың көбейтіндісі деп атауға болады. Мысалы, (3 сары: 1 жасыл) х (3 тегіс: 1 бұдыр) = 9 сары, тегіс : 3 сары, бұдыр : 3 жасыл, тегіс : 1 жасыл, бұдыр. Мендель ашқан бұл құбылыс кейін белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы немесе Мендельдің үшінші заңы деп аталды. бұл заңның орындалуы үшін екі жағдай болуы қажет. Будандастыру кезінде бір белгі екінші белгіден толық басымдылық көрсетуі тиіс. Екіншіден, тұқым қуалайтын гендер әр түрлі хромосомада орналасуы керек. Осыған сәйкес екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа белгілері бар өсімдіктер пайда болады. Мысалы, тұқымы сары, бұдыр (Aabb) және тұқымы жасыл, тегіс (ааВb). Белгілердің бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалау заңына сәйкес, бұл әр хромосомада орналасқан гендердің тәуелсіз алмасуының нәтижесінде түзіледі. Мұның селекция үшін үлкен маңызы бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет