Учебно-методический комплекс Пән: Құқық негіздері Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі» Специальность


Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы



бет2/3
Дата20.11.2023
өлшемі43,24 Kb.
#192010
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3
Байланысты:
5.-ҚР-ның-әкімшілік-құқығының-негіздері

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
6.4 0301013,0302033 - «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

БҚ-2.

Этика.

БҚ-2.1.

Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

БҚ-2.2.

Этикалық қағидалар: кәсіптік этикалық қағидаларды сақтайтынын көрсетеді.

БҚ-2.3.

Эстетика: жұмыс ортасындағы эстетиканы бағалайды және қолдайды.

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы
Название раздела занятия

Уақыт тәртібі
Временной режим



1

Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть





2 минут





2

Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая установка занятия





3 минут





3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме





25 минут





4

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала





40 минут



5

Жаңа тақырыпты бекіту
Закрепление новой темы





10 минут



6

Баға қою
Выставление оценок





5 минут



7

Үй тапсырмасы
Домашнее задание





5 минут



Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
Ұйымдастыру кезеңі. – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?
Организационная часть.
1.Оқытушының кіріспе сөзі. Бүгінгі бірінші сабағымыздың тақырыбы: ҚР-ның конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы
Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)

  • Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
Дәрісті мазмұндау
1. ҚР-ғы сайлау құқығы түсінігі және түрлері.
2.Сайлау үрдісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.
3. ҚР-ғы сайлаудың ерекшеліктері.


Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Изложение нового материала
Тақырыбы: ҚР-ның әкімшілік құқығының негіздері

    1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік
құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды
жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы
байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының
әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру
барысында және азаматтармен, мемлекеттік және
мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде
туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені
үшін туындайтын;
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі (
қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің
екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары
егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған
жағдайда заңды күшке ие болады)
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын
қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде
тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде
бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әртүрлі ережелер бар.


Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.
Бұлар қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, жол қозғалысы мен әр түрлі көлік құралдарын пайдалану ережелері, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері, сауда ережелері, санитарлық, ветеринарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері, аң аулау, балық аулау ережелері, азаматтық қаруларды, жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, кеден ережелері, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, жер қойнауын пайдалануды қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау аясында қолданылатын ережелер, т.б.
Бұл сияқты ережелерді сақтау мемлекеттің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматттардың мүдделеріне сәйкес келеді, ал оларды бұзу бұларға қайшы келеді және зиянды, тіпті қоғамдық қауіпті салдарларға жиі келтіреді. Мысалы, жолаушылардың билетсіз жүруі көлік кәсіпорындарына мүліктік зиянды келтіреді, жол қозғалысы ережелерін бұзу адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады, көлік құралдарын зақымдауға келтіреді, жолдың жүріп өту мүмкіндігін азайтады, аң аулау мен балық аулау ережелерін бұзу, жануарлар дүниесіне, сөйтіп қоғамға да зиян келтіреді, т.с.с.
Міндетті болатын ережелер көптеген субъектілер тобына арналады. Біреулері – барлық азаматтар мен заңды тұлғаларға, екіншілері – шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси қызметтің қандай да болмасын салаларының қызметкерлеріне, үшіншілері – мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарда белгілі бір лауазымдық қызмет атқаратын лауазымды адамдарға.
Барлық аталған және өзге де көптеген ережелер заңдармен белгіленеді. Мысал ретінде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004ж. 9- шілдедегі, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996ж. 15-шілдедегі; «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996ж. 22-қарашадағы заңдарды айтуға болады. Жекелеген атқарушы билік органдары да мұндай ережелер тағайындай алады. Мәселен, ҚР-сы Үкіметінің 2004ж. 5-ақпандағы қаулысымен бекітілген «Жұқпалы ауруларды шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесі». ҚР-ның энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану мен қорғаудың ережелерін бекітуге құқылы.
Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңдық сипаттамасы 2001ж. 30-қаңтарда қабылданған «ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде» (ӘҚБтК) қаралған.
ӘҚБтК-тің 28-бабы бойынша жеке адамның осы Кодекспен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекетті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Бірақ Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымын мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни әрекет; екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет; үшіншіден, құқыққа қарсы әрекет; төртіншіден, кінәлі әрекет; бесіншіден, жазаланатын әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл заңдық патологияның (қалыптан тыс ауа жайылудың), ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады.
Іс-әрекет – бұл міндет немесе заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды, ережені, норманы, стандартты бұзу (мысалы, жүргізушілердің масаң күйінде көлік құралдарын жүргізуі, тұрғын жайларды пайдаланудың ережелерін бұзу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құжаттардың талаптарын бұзу).
Әрекетсіздік – бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлқы (мысалы, табыстары туралы декларация беруден жалтару, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау, т.с.с.).
Әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні оның қоғамдық қауіптілігімен айқындалады. Мемлекет құқық нормаларында мінез-құлықтың міндетті ережелерін бекіте отырып, оларды бұзған үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігін қарайды. Құқық бұзушылықтың тап осы қоғамдық қауіптілігі оны жасаған үшін жауаптылыққа себеп болады. Бұл белгінің болмауы құқық бұзушылықтың да болмағанын дәлелдейді.
Кез-келген әкімшілік теріс қылық, белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұға отырып, оған қандай да болмасын бір зиян келтіреді, басқару қатынастарының реттелінгендігін, келісімділігін, үйлесімділігін бұзады. Осыдан туындайтын жағымсыз нәтиже нақты зиян ретінде де (ұсақ ұрлық, билетсіз жүру), сондай-ақ зиян пайда болу үшін жағдай жасау ретінде де (санитарлық-гигиениалық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) көрініс табуы мүмкін.
Қылмыстармен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-те қоғамдық қауіпті әрекеттер ретінде сипатталмаған, бірақ олардың зияндылығын ол мыналарды көрсетумен белгілеген, олар қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың тәртібіне қол сұғады деп көрсетумен белгіленген. Мысалы, ӘҚБтК-тің 355-б құқық қорғау органдарының уәкілетті қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбауды қараған. Сөйтіп мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігі бекітілген, өйткені олар басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғады.
Шындығында, құқық бұзушылықтың қай түрі болса да құқыққа қарсы болатындықтан қоғамдық қауіпті екендігі белгілі. Сондықтан да қылмыстық істерге, олардың құқыққа қарсылығын айқындайтын қосымша элемент ретінде, қоғамдық қауіптілік пайдаланылады. Ал әкімшілік құқық бұзушылық заңда бекітілген анықтамасы бойынша қоғамдық қауіпті әрекет емес сияқты. Бұл шындығында осылай ма?
Қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылық әрекеттің қоғам үшін зиянды екендігін, оған немесе қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіретінін немесе шынайы қауіп туғызатынын білдіреді. Сондықтан қылмыстық заңнаманың міндеті қоғамдық құрылысқа, меншікке, жеке адамға және оның субъективтік құқықтарына, құқықтық тәртіпке қол сұғумен күресу болып табылады. ӘҚБтК-тің 7-бабы да әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың дәл осындай міндеттерін бекіткен. Демек, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың қол сұғатын объектілері бірдей. Сондықтан бұл мынадай қорытынды жасауға негіз болып табылады: қоғамдық қауіптілік әкімшілік құқық бұзушылықтың да белгісі, оның құқыққа қарсы көрінісі болып табылады. Егер бұл әрекеттер қоғам мүдделері үшін ешқандай қауіп-қатер болып табылмайтын болса, онда мемлекет өзінің билігін неге осы сияқты әрекеттермен күресу үшін пайдаланатынын және сонымен бірге мәжбүрлеу сипаты бар заңдық құралдарды кеңінен қолданылатынын түсіну қиын.
Кейде әкімшілік құқық бұзушылықтарды қоғамға қарсы деп айтады, бұл да олардың қоғамдық қауіптілігімен үндес. Әрине, олар сонымен бірге зиянды да. Өйткені бұл сияқты әрекеттердің қоғам, азаматтар, органдар мен заңды тұлғалар үшін зияндық салдарлары болады (немесе олар болуы мүмкін). Сондықтан да белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тыйым салу белгіленеді немесе белгілі бір әрекетсіздіктерге жағымсыз заңдық баға қаралады. Бұл да олардың қоғамдық қауіптілігінің көрсеткіші.
Құқыққа қарсы, зияндық салдарларының сипаты мен көлемі, кінәлілік дәрежесі сияқты мұндай белгілердің жиынтығы қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтардың арасындағы арақатынастың негізіне жатады. Осының негізінде олар жазалану сипаты бойынша да айырылысады: қылмыспен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза тым жеңіл болады.
Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықты қылмыстан айырудың бірден-бір белгісі тек қоғамдық қауіптілік дәрежесі; ол әкімшілік теріс қылықта қылмыстағы қауіптіліктен аз болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі белгісінің заңдық көрінісі құқыққа қарсылық болып табылады. Қазақстан мемлекеті, қандай да болмасын бір іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамдық қауіпті деп, оларды жасауға құқықтық тыйым белгілейді. Құқыққа қарсы деп белгілі бір тұлғаның құқық нормасымен тыйым салынған іс-әрекетті жасауы немесе құқықтық актімен міндеттелген іс-әрекетті жасамауы түсініледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Мәселен, құқық бұзушылар өрт қауіпсіздігі аясын реттейтін құқық нормаларын бұза отырып, сонымен бірге отпен күресудің мемлкеттік шаралары негізделетін өртке қарсы ережелермен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады.
Әрекеттің құқыққа қарсылығы лауазымды адамның немесе азаматтың өрт қауіпсіздігінің ережелерін, нормалары мен стандарттарын бұзудан немесе орындамаудан көрініс табады. Бұл ретте құқыққа қарсы әрекет міндетті түрде зиянды салдарлар туындататын құқықтық нормамен байланыстырылмайды. Әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылу оқиғасының (орындалмауының) өзі-ақ жеткілікті, өйткені әкімшілік құқық бұзушылық қаралып отырған аяда құқыққа қарсы әркеттің өзін жасаған, яғни өрт қауіпсіздігіне қауіп туғызған кезден бастап аяқталған болып саналады.
Бұдан басқа, мына жағдайды да ескеру керек, құқық бұзушылық тек әкмшілік құқықтың ғана емес, сонымен бірге өзге де бірнеше құқық салаларының, мысалы, конституциялық, азаматтық, қаржылық, салық, кеден, жер, экология, еңбек құқығының нормаларын бұзатын әрекет жасау болып табылады. Бұл жерде мына жағдай аса маңызды, құқықтың бұл нормаларын сақтау әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалады.
Кейде ауыр салдарлардың нақтылы болуы емес, олардың туындау мүмкіндігінің өзі-ақ жеткілікті болады. Мәселен, радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін бұзу, тіпті егер ол кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуінің мүмкін болуының өзі, қылмыс ретінде қаралады.
Құқық бұзушының келтірген мүліктік зиянның мөлшері жиі кездесетін белгі болып табылады. Мысалы, бөтен біреудің мүлкін ұрлау, егер ұрланған мүліктің құны заңдарда белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштен асса, онда қылмыс болып саналады, ал егер ол мөлшерден аспайтын болса, онда — әкімшілік құқық бұзушылық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет