2.1. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктері Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.
Құқық теориясында заңдық жауаптылық құқық бұзушылық болған жағдайда құқықтық санкцияны жүзеге асыру, құқық бұзушыға жаза қолдану ретінде ұғынылады, өйткені ол еңбек тәртібін бұзған үшін сөгісте де, әкімшілік айыппұлда да, бас бостандығы еркінен айыруда да, азаматтық-құқықтық айыпта да болады.
Заңдық айғақ — әкімшілік құқық бұзушылық болған кезде – құқықтық норма санкциясының механизмі іске қосылады, сөйтіп санкция жазаны қолдануға болатын (потенциалды) мүмкіндігінен шынайы жазаға, яғни әкімшілік жазаға айналады.
Әкімшілік құқықта әкімшілік мәжбүрлеудің толып жатқан шараларының ішінен (тексеру, реквизициялау, ұстау, алып қою, т.б.) тек әкімшілік жазалар ғана жазалау функциясын атқарады және тек соларды қолдану ғана әкімшілік жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырды (ӘҚБтК-тің 28-3-б.). Сонымен, әкімшілік жауаптылық – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы.
Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Біріншіден, ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады, өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.
Закрепление новой темы.